Лекция. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы



бет25/31
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120175
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Конденсаторларды қосу.
Параллель қосылған конденсаторлардың астарларындағы потенциалдар айырымы бірдей. Толық сыйымдылық

Тізбектей қосылған конденсаторлардың астарларындағы заряд модулі бойынша тең, ал потенциалдар айырымының қосындысы
осыдан
Диэлектрик ортадағы электростатикалық өріс .
Диэлектрик деп кәдімгі жағдайда іс-жүзінде электр тогын өткізбейтін заттарды айтады.
Диэлектрикте басқа заттар сияқты атомдар мен молекулалар-дан тұрады, олардың әрқайсысы толығымен электрлі бейтарап болады.
Егер молекуланың ядросының оң зарядын «ауырлық центрінде» орналасқан +q қосынды зарядпен, ал барлық электронның зарядын -q теріс зарядтардың қосындысымен ауыстырсақ, онда молекулаларды электрлік моменті бар электрлік диполь ретінде қарастыруға болады.
Диэлектриктерді үш түрге бөледі:
1) Полярлы емес молекулалы диэлектриктер, сыртқы өріс әсер етпеген кезде симметриялық молекулалары нолдік дипольдік моментке ие болады (мысалы, N2, H2 , O2, CO2 )
2) Полярлы молекулалы диэлектриктер, асимметрия салдарынан молекулары нольдік емес дипольдік момент алады ( мысалы,H2O, NH3,SO2,CO).
3
) Ионды диэлектриктер ( мысалы, NaCl, KCl ).Ионды кристалдар әртүрлі таңбалы иондар дұрыс алмасып орналасқан кеңістікті тордан тұрады.
Сыртқы электр өрісіне диэлектрикті енгізу диэлектрикте нольден өзгеше қорытқы электр моментінің пайда болуына әкеледі
Диэлектриктің поляризациясы дегеніміз дипольдің бағытталуы немесе электр өрісінің әсерінен дипольдардың өріс бойымен бағытталуы.
Диэлектриктердің үш түріне байланысты, поляризацияны үш түрге бөледі.
1
) Полярлы емес диэлектриктің электронды немесе деформационды поляризациясы дегеніміз электрондық орбитаның диформациясының есебінен диэлектриктің атомдары мен молекулаларында индуцирленген дипольдік моменттің пайда болуы.
2) Полярлы молекулалы диэлектриктің бағытталған, немесе дипольдік поляризациясы дегеніміз молекулада бар дипольдік моментердің өріс бойынша бағытталуы (бұл бағытталу электр өрісінің кернеулігі үлкен болған және температура төмен болған сайын күштірек болады).
3) Ионды кристалды торлы диэлектриктің ионды поляризациясы дегеніміз тор асты оң таңбалы иондардың өріс бойымен, ал теріс таңбалы иондардың өріске қарсы ығысуынан дипольдік моментің пайда болуына әкелуі.


Өлшемсіз шама ортаның диэлектрлік өтімділігі деп аталады.
Бұл диэлектрліктің электрлік өрісте поляризациялану қабілетін және өріс диэлектр арқылы қанша есе нашарлайтындығын көрсетеді.

Электрлік ығысу.
Электростатикалық өрістің кернеулігі ортаның қасиетіне ( -ге) байланысты. Кернеулік векторы диэлектриктер шекарасынан өтіп, секірмелі өзгеріске ұшырайды, сондықтан зарядтар жүйесінің электр өрісін сипаттау үшін (үздіксіз) және диэлектриктердің поляризациялану қасиетін ескеріп, электрлік ығысу (электрлік индукция) деген векторды енгізіледі, ол изотропты орта үшін былай жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет