Вакуумдағы электростатикалық өріс үшін Гаусс теоремасы: вакуумдағы кез келген тұйық бет арқылы электростатикалық өрістің кенеулік векторының ағыны, осы бет ішіндегі зарядтардың алгебралық қосындысын -ге бөлгенге тең.
Егер көлемдік тығыздығы заряд кеңістікте таралған болса, онда Гаусс теоремасы:
.
Оқшауланған өткізгішті-басқа денелерден және зарядтардан алыстатылған өткізгішті қарастырамыз.
Өткізгіштің зарядының оның потенциалына қатынасына тең физикалық шама С, осы өткізгіштің электрлік сыйымдылығы деп аталады.
Оқшауланған өткізгіштің электр сыйымдылығы сан жағынан осы өткізгішке оның потенциалын бірге өзгерту үшін берілген зарядқа тең.
Ол өткізгіштің формасына, өлшеміне және қоршаған ортаның диэлектрлік қасиетіне тәуелді. Геометриялық ұқсас өткізгіштердің сыйымдылығыолардың сызықты өлшемдеріне пропорционал.
Мысал: оқшауланған өткізгіш шардың сыйымдылығы:
.
Электрсыйымдылықтың өлшем бірлігі фарада (Ф): 1 Ф – дегеніміз 1Кл заряд бергенде потенциалы 1В-қа өзгеретін оқшауланған өткізгіштің сыйымдылығы.
Конденсаторлар. Егер заряды бар өткізгішке басқа дене жақындатса, онда оның бетінде индукцирленген (өткізгіште) немесе байланысқан зарядтар (диэлектрикте) пайда болады. Бұл зарядтар заряды жасайтын өрісті нашарлатады, сонымен қатар өткізгіш потенциалын кемітіп және оның электр сыйымдылығын артырады.
Конденсатор – бұл модулі бойынша тең, таңбасы қарама қарсы зарядпен зарядталған екі өткізгіштен (астарлар) тұратын жүйе, олардың формасы мен орналасуы мынадай, астар арасындағы жіңішке кеңістік саңлауда өріс жинақталатындай болып орналасқан.
Конденсатор сыйымдылығы дегеніміз конденсаторда жиналған зарядтың оның астарларының арасындағы потенциалдар айырымына қатынасына тең физикалық шама.
Жазық конденсатордың сыйымдылығы (әрқайсысының ауданы бір бірінен қашықтықта орналасқан екі параллель металл пластинка ):
Цилиндрлік конденсатордың сыйымдылығы (радиустары және ұзындығы екі коаксиальды цилиндр ):
Сфералық конденсатордың сыйымдылығы (радиустары және екі концентрлі сфера).