Лекция ХІХ ғасырдың І жартысындағЫ Қазақ Әдеби тілінің структуралық ҚҰрылымы қарастырылатын мәселелер: ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы



бет4/4
Дата15.06.2023
өлшемі23,72 Kb.
#101619
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ І ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ СТРУКТУРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Жаңа фразалық тіркестер
1. Саудаға байланысты: базарға салу, бәс кесу, борышқа қалу, бағасы кету, пұл болу т.б.
2. Әлеуметтік-әкімшілікке байланысты: жер аудару, басшының билігі, закон сұрау, шешімге келу т.б.
3. Еңбекке, адамгершілікке байланысты: деміне нан пісу, нан тауып жеу, кірге тарту, шаруа жию, қызмет қылу т.б.
Бұған қоса, ерекше авторлық қолданыстарда кездеседі. Мысалы, Ақан серіде: ғашықтың оты, көңілдің қамалы, көкейінде көз болу; Шәңгерейде: ақ ниеті тотығу; Майлықожада: сананың көзі, дүниеге мейман көңіл т.б.


Араб - парсы элементтері
Араб-парсы сөздерінің көп енуіне мына жағдайлар себеп болды:
1) Ислам дінінен кеңінен тарауы;
2) Мұсылманша оқудың жандана бастауы;
3) Ақындардың көбінің мұсылманша сауатты болуы;
4) Кітаби тілдің ықпалы;
Мынадай жаңа сөздер кездеседі: гаусар, пайым, насихат, ыбырат(ғибрат), ләззат, сүннет, парыз, парасат, парық, перизат, ыждиһат, кәусар т.б.


Қазақ әдеби тіліндегі орыс сөздері
Бұл кез орыс элементтерінің едәуір ене бастаған кезеңі. Көркем әдебиеттегі, баспасөздегі, сол кезде жарияланған ауыз әдебиеті үлгілеріндегі орыс сөздері өмірдің түрлі салаларын қамтиды. Мысалы, Шөжедегі: алтын медаль, шар айна; Біржандағы: статья, он екі звод, әрген (орган), Ақандағы: фамильный шай, бриллиант, серебро, поклон, именной, секретоый, сватья, скажия т.б.
Бұдан сөз зергерлерінің орыс сөздерін жатсынбай пайдаланғандығын көруге болады. Баспасөзде (газет беттерінде) әдеби тілге енген сөздерден басқа велосипед, шкаф, стол, облус, участок, хутор, семинария, школ т.б орыс лексемалары кездеседі. Б.Әбілқасымов «Дала уалаяты» газеті. Автореферат Алматы, 1964 ж. 10бет. 1883 сөздікте де көптеген сөздер қатары кездеседі.
Диалектизм
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдеби тіл үлгілерінде Қазақстан жерінің әр аймағына тән лексикалық, морфологиялық ерекшеліктердің орын алғандығы байқалады. Мұндай тілдік ерекшеліктерді Оңтүстіктен шыққан Майлықожа, Сүйінбай, батыстан шыққан Шәңгерей (нән, шат-шадыман), орталық-солтүстік өлкеден шыққан Шөже, Шортанбай, Ақан, Біржандарда (бошалаң, дегдар, тантық) т.б . сөздер бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет