Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе


,8 апта. Классикалық емес және постклассикалық емес ғылымның негізгі концепциялары мен бағыттары



бет13/44
Дата30.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46294
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Байланысты:
ҒТФ., лек.жинағы (1)

7,8 апта. Классикалық емес және постклассикалық емес ғылымның негізгі концепциялары мен бағыттары
Өзекті ұғымдар: релятивизм, индетерминизм, синергетика, салыстырмалы теория, ықтималды теория.
Классикалық емес ғылымның қалыптасуын ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың басында пісіп жетілген ірі ғылыми жаңалықтар жылдамдатты.
Классикалық емес ғылымның дамуына негіз болған ғылыми жаңалықтар және олардың авторлары.



1

2

3

Антуан Анри Беккерель
(1832-1908) -
француз физигі




Уран тұзының өзігінен сәуле шашатынын ашқан

В.К.Рентген
(1845-1923) -
француз ғалымы




Катодты сәулелерді зерттеу барысында өзі Х-сәуле деп анықтаған, кейіннен рентген сәулелері деп аталған электро-магнитті толқындарды ашқан

Джозеф Джон Томсон
(1856-1940) -
ағылшын физигі




Электронды ашты

Пьер Кюри, (1859-1906)
Мария Склодовская Кюри
(1867-1934)




Радиобелсенділік ұғымын ашқан, полоний мен радийдің қасиеттерін баяндаған

Макс Планк (1858-1947) неміс физигі

«Физикалық әлем» үлгісінің бірлігі: м.Прогресс, 1965

Квант теориясының авторы

Эрнест Резерфорд (1871-1937) - ағылшын физигі




Атомның планетарлық моделін ұсынған

Фредерик Содди (1877-1956) – ағылшын химигі




Радиоактивті бөлуді химиялық бөлшектердің бірінен біріне айналу процесі деп бағалаған.

Альберт Эйнштейн (1879-1955) неміс-американ физигі

«Физиканың эволюциясы» «Салыстырмалы теория». Петроград, 1922

Жекем және жалпы салыстырмалы теорияны жасаған

Нильс Бор (1885-1962) дат физигі

Атомдық физика және адами таным. М., 1961

28 жасында атомның квантты теориясын ұсынған, толықтыру принципінің авторы

Луи де Броиль (1892-1987) -француз ғалымы

«Ғылымның сүрлеуімен». М., 1962
«Физикадағы революция». М.,1963

Материяның толқынды қасиеттерін анықтаған

Эрнест Шредингер (1887-1901) австрия физигі

«Физика тұрғысынан өмір дегеніміз не?»

Толқынды механиканың негізгі теңдеуін шешті

Паули (1900-1958)

Физикалық очерктер – М.:1975

1925 жылы 25 жасында өзінің атындағы принципті жариялады, 1929 жылы 29 жасында В.Гейзенберг және Шерзанмен бірігіп релятивті квантты өрістің негізін қалады

Вернер Гейзенберг (1901-1976)

«Физика мен философия». «Бөлік және бүтін». М.1989
«Горизонттан арғы қадамдар». М. 1987

Белгісіздік принципін ұсынған, 1925 жылы 24 жасында матрицалық механиканы, 1977 жылы 26 жасында белгісіздіктер арақатынасы теориясын жасады

Жак Моно (1910-1976) француз биохимигі, микробиологы

«Кездейсоқтық пен қажеттілік» (1970)

Бактериялардың өсуі, бактериалды ферменттердің жойылуы туралы еңбек жазған. 1965 жылы Нобель сыйлығын алған

Дэвид Бом (1917-1994) ағылшын ғалым

«Қазіргі физикадағы себептілік пен кездейсоқтық». М.1959
«Ұжымдық өзгерістердің жалпы теориясы». М.1964

Квантық физиканы кеңейте қарастыруға үндейді, тылсым өлшемдер туралы идея ұсынған

Лайнус Полинг (1901-1994) американ ғалымы




С витаминінің маңызын анықтады

Ханс, Айзенк (1916-1997) ағылшын психологы

«Тұлғаның құрылымы» (1999), «Тұлғаны қалай өлшеуге болады», 2000

60-70 жылдары интеллект мәселесін зерттеді, невроз теориясын жасаушыларды бірі

Карл Поппер (1902-1994) ағылшын философы, математигі

«Ғылыми ашылымның логикасы» (1934), «Ғылыми танымның өсуі мен логикасы». М 1993

Ғылыми білімнің негізінде оның өсуінің гипотетикалық дедуктивті моделі жатуы керек. Ғылыми болжам ұсынылған сайын оның болашақта терістеу мүмкіндігі үнемі есте болуы тиіс. Ол фальсификация принципінде көрініс табады

Стивен Тулмин (1922-1997) американ философы

«Адами ұғыну». М.1984

Эволюциялық эпистемологияны дамытты, ғылымның негізіне «табиғи тәртіп» идеалдарын қояды

Имре Лакатос (1922-1974) ағылшын ғалымы

«Ғылыми-методологиялық бағдарламаның фальсификациясы мен методологиясы». М.1995

Ғылым дамуының негізгі моделі мықты өзек пен қорғау белдеуінен тұратын зерттеу бағдарламасы деп есептейді

Пол Карл Фейерабенд (1924-1994) австрия ғалымы

«Ғылым методологиясынан таңдаулы еңбектер» М.,1986

Ғылымда жалпыға ортақ норма мен ереже жоқ. Ғалымдар іс жүзінде әр түрлі методтарды қолданады. Сондықтан методологиялық плюрализм болғаны тиімді

Мишель Фуко (1926-1984) француз ғалымы

«Білім археологиясы» Киев, 1996
«Ақиқатқа ерік» М. 1996
«Өмір: тәжірибе мен ғылым», «Философия сұрақтары», 1993. №5

Философияның бастамасы – дискурсивті практика. Дискурс дегеніміз – ұғымдар төңірегінде ойлану. Дискурстың мысалы әрнәрсе төңірегінде белгілі бір уақытта қалыптасқан жүйелі білім, яғни эпистема

Томас Кези (1922-1995) американ физигі, философы

«Ғылыми революциялардың құрылымы». М.1977

Ғылымның өсіп, дамуының негізінде парадигма жатыр. Оған әлеуметтік-психологиялық, этикалық ережелер, қалыптар кіреді. Қабылданған парадигма аясында дамып отыратын қалыпты ғылым оның күйреуімен күрт тоқтап қалуы да мүмкін. Бұл ғылыми революцияларды тудырады.

Эдуард Уилсон (1929) американның этномологы, экологы

«Құмырсқалар» 1959, «Социобиология: жаңа синтез» 1975

Құмырсқалардың тіршілік ету ерекшеліктерін, экологиясын зерттеді, «Адам мен жануар тәртібінің биологиялық негіздерін» зерттеген.

Роберт Мертон (1910-2004) ағылшын ғалымы

«Ғалымның амбиваленттілігі». М.1965

Ғылыми этос ұғымын енгізіп, ғылым социологиясының негізін қалаған

Классикалық емес ғылымға салыстырмалылық, дискреттілік, кванттау, ықтималдылық толықтыру парадигмалары тән. Ал классикалық емес ғылымның қазіргі дәуірінде қалыптасу мен ұйымдастыру мәселелері аса маңызды. Оның белгілері физикалық, биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастырудың жалпы принциптерін түсіндіретін синергетикада көрініс береді.


Классикалық емес ғылымның қазіргі кезеңінің негізгі ерекшеліктер.
1. Жаһандылық, синергетикалық идеялар мен бүтіндік біртұтастық парадигмасының нығаюы
2. Кооэволюция, яғни әмбебап даму идеясының нығаюы, уақыт факторын барлық ғылымға енгізу
3. Зерттеу нысандарының күрделеніп, жүйелер деңгейіне көтерілуіне байланысты, оларды сараптауда пәнаралық зерттеулердің ролі арта түсуде
4. Философия ғылымының пайдалану аясы кеңейіп, оның әдістері көптеген ғылымдарда кеңінен тараған
5. Күннен күнге ғылымның обьектісі мен субьектісінің арасы жақындап, қазіргі жаратылыстану мен ақпараттық ғылымдарда «антропты принцип» дамып келеді
6. Математикалық әдістердің қолданылуы кеңейіп, методологиялық плюрализм дами түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет