Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе



бет14/44
Дата30.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46294
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Позитивистік философия жаратылыстану ғылымының қызу прогресі нәтижесінде дамыды және оның әсерінде болды. Оның негізгі идеяларының бірі эволюция туралы идея болды, оған Ч.Лайелл (жер қабығының біртіндеп өзгеруі) мен Ч.Дарвиннің (биологиялық түрлердің эволюциясы табиғи сұрыпталудың нәтижесі ретінде) табиғаттағы эволюциялық процестерді ашуы жол салып берді. Позитивизм ойша құрылған философиялық концепцияларға дүниені позитивті (оң, дұрыс) ғылыми мәліметтерге негізделген, табиғатты да, қоғамды да қамтитын түсінуді қарсы қоюға әрекеттенді.
Позитивизмнің маңызды принциптерінің қатарына мыналар жатады:
1. Онтологиялық натурализмнің постулаты немесе Әлеуметтік-мәдени және табиғи құбылыстар сапалы біртекті деген тұжырым. Сондықтан әлеуметтік процестерді табиғатпен салыстырғанда сапалы жаңа болмыс ретінде талдау керек және оларды түсіндіру табиғат заңдылықтарын білу арқылы мүмкін болады.
2. Методологиялық натурализмнің постулаты, әлеуметтанулық білім жүйесі физикалық ғылымдар моделіне сәйкес құрылуы керек, олардың әдіснамалық көзқарастарын қолдануы керек деген тұжырымнан тұрады.
3. Феноменализмнің постулаты, яғни әлеуметтік философияда жиі кездесетін алыпсатарлық тұжырымдарға қарағанда, социологиялық білімдегі тәжірибе мен сенсорлық мәліметтердің рөлін асыра айту.
4. "Құндылық бейтараптығы" қағидасы, оған сәйкес әлеуметтанушы ғалым ретінде зерттелетін құбылыстар мен процестердің табиғаты мен алынған нәтижелерге қатысты кез-келген құнды пікірлерден аулақ болу керек.
5. Әлеуметтік практиканың, әлеуметтік терапияның - әлеуметтік ауруларды емдеудің ерекше түрі ретінде ғылыми білімнің аспаптық сипатын және әлеуметтік инженерияға байланысты бағдарлауды тану.
Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизмнеопозитивизманалитикалық философия қалыптасты
Позитивизмнің негізін салушы француз философы Огюст Конт (1798­1857) болды. Ол сол сияқты социология ұғымының да негізін салды. Ол социлогияны бастапқыда әлеуметтік физика деп атап, оны құбылыстардың белгілі бір фундаменьтальді заңдарын зерттейтін теориялық ғылымның бірі деп түсінді және социологияны астрономия, химия, физика, биология сияқты ғылымдармен қатар қойды. Ол атақты утопист Сен-Симонның секретары болған, сондықтан оған оның қоғамның дамуы, қоғамдық ғылымдардың міндеті туралы ойларының ықпалы тиген. Конттың басты еңбегі “Позитивті философияның курсы” кең танымалдыққа ие болды.
Конттың негізгі ойы төмендегідей болды:қоғамдық ғылымды ойша, меңзей қарау тұрғысынан түсіндірудің орнына жаратылыстану ғылымдарындағыдай, нақты байқаулар мен фактілерге сүйенген бірыңғай әлеуметтік организм ретінде қоғам туралы позитивті ғылым жасау керек деді. Бұл принцип тарихқа да қолданылуы керек деп есептеген ол, ұсақ фактілерді сипаттау мен тарихты жекелеген көрнекті қайраткерлердің оянуы деп түсіндіруге қарсы шықты.
Конттың тарихқа көзқарасына дуализм тән еді. Ол негізгі деп санайтын рухани бастаулармен қатар материалдық факторлардың:биологиялық, географиялық, экономикалық жағдайлардың әсеріне үлкен мән берді. Дегенмен ол, адам санасы анықтаушы фактор, ол әруақытта әлеуметтіктен алда жүреді деді. Сонымен ол қоғам өмірі мен динамикасында адамдардың жеке емес, қоғамдық санасына шешуші маңыз берді. Адамзат тарихы ол үшін үш :теологиялық, метафизикалық, позитивті немесе ғылыми коллективтік сананың жүйелі ауысуының бейнесі.
Қоғам мен оның тарихын ғылыми таным мәселесіне келгенде, тәжірибеге негізделмеген және барлық құбылыстардың негізін абстрактылы мәннен көретін метафизикалық теорияларды қабылдамаған Конт агностицизм рухында қоғамдық дамудың мәні мен себептері туралы сұраққа ғылым жауап бере алмайды дейді. Оның заңдарын ғылыммен тану құбылыстар арасындағы функциональды тәуелділіктің орнауымен шектеледі. Сондықтан, Конт бойынша позитивті қоғамдық ғылым қандай-да бір философияны керек етпейді.
Конттың қоғамды нақты орнатылған фактілермен зерттеуге негізделген, қатаң ғылымилықтың қажеттілігі, тарихты жаратылыстану сияқты дұрыс ғылымдар дәрежесіне көтеру туралы идеясы ХІХ ғасырдың ортасынан француз тарихшылыры арасынан қолдау таба бастады. Жаратылыстану ғылымы дамып, техниканың дамуы жылдамдап жатқанда, тарихшылардың алдында қайта тарихи таным әдісі, тарихты өзіндік ерекшелігімен ғылым ретінде білімнің жалпы жүйесіне енгізу туралы мәселе туындады. Позитивизм идеясы бұл бағытта жол көрсетіп тұрғандай болды.
Позитивистік социологиялық теория қоғамның дамуы азғана мәңгі және өзгермейтін “табиғи заңдарға” бағынады деген түсініктен келіп шықты. О.Конт бойынша бұл заңдар “әлеуметтік статика” және “әлеуметтік динамикаға” сәйкес пән құрастыратын белгілі құбылыстардың қандай да бір “қатар өмір сүруі”, қандай да “бір ізділігі”. Г.Спенсер қоғамдық дамудың “табиғи заңдарын” адам қоғамының биологиялық организммен ұқсастығы мен эволюция заңының универсальды сипаты туралы өзінің идеяларының рухында түсінді. Тарихта әрекет ететін “табиғи заңдарды” табу позитивистік теоретиктердің ойынша, тарихи процестің рационалды, тәртіпке салынған картинасын беру болды.
Тарихтың “табиғи заңдары” деп позитивистер статистика зерттейтін, былайша айтқанда массалық құбылыстардың үлкен жиынтығында көрінетін заңдылықтарды айтты. Табиғаттағы бұндай заңдылықтарды ашу социологияның қалыптасуымен қатар келген және оған ықпал еткен ғылыми жаратылыстанудың тағы бір жеңісі болды (статистикалық заңдылық түсінігі физикада пайда болған, енгізген Дж.Максвелл).
Өздерінің “табиғи заңдарды” түсінуіне сәйкес, тарихтың дамуындағы ұзақ, тұрақтыны анықтауға ұмтылған позитивистік социология тарихтағы жекеге, нақтыға, ерекшеліктерге қызықпады. Бұның бәрін ол тарихтың еншісіне қалдырды және оның ролі эмпирикалық материал, фактілерді жинауда жатыр деді. Ал, оның өзі тарихтың тек абстрактілі схемасын жасады, О.Конттың “әлеуметтік динамиканы” түсіндіруіндегі сияқты “адамның аттарынсыз, тіпті халықтың атынсыз” тарих жасады.
Позитивизм философиядағы біржақтылықты және материализмді де, идеализмді де жеңуге үміттенді. Бұл философиялық позицияға тарихты көптеген “факторлардың“ өзара әрекетінің нәтижесі деп түсіну сәйкес келді. Бұндай “факторлардың“ қатарына дербес күштер қатарында қаралатын әлеуметтік шындықтың әртүрлі аспектілері (экономика, право, мораль, дін, т.б.) жатқызылды. Теорияда бұлардың біреуіне шешуші деп артықшылық бермей, позитивистік социология идеализм негізінде қала отырып, практикада әрдайым тарихты адамдар санасы (жеке емес, массалық) арқылы түсіндіруге бейім тұрды.
Позитивизмде тарих пен социологияны қарама-қарсы қою тенденциясының негізі қаланып, тарихтың ғылым ретіндегі ролін төмендету байқалса да социологияның философиялық және социологиялық ойлары ХІХ ғасырдың екінші жартысында тарих ғылымының дамуына қатты ықпал етті. бірақ ол нәтижелері бойынша біржақты болған жоқ.
Позитивизм бұрын тарихты түсіну саласында қалыптасқан ойша көру концепцияларын әлсіретті, провиденциализмнің және тарихи процестерді ашық идеалистік тұрғыдан түсіндіретін басқа түсіндірулердің позициясын бұзды, жаңа деректер іздеуге, оларды жариялауға, талдау мен өңдеу методикасын жасауға ынталандырды, қосалқы тарихи пәндердің дамуына жағдай жасады. Позитивизмнің ықпалымен тарихи зерттеулер аясы кеңейді, әлеуметтік-экономикалық тарих зерттеле бастады, өйткені тарихи дамудың позитивистік “факторлар“ теориясына сәйкес оның бірі болып қоғамның материалдық өміріне қатысты құбылыстар мен процестер есептеледі.
Белгілі бір мағынада позитивизм тарихи дамуға тән обьективті заңдылық, тарихтың прогрессивті, үдемелі қозғалысы туралы түсініктің орнығуына көмектесті. Бірақ, бұнымен бірге қоғамдық дамуды позитивистік түсіну таза эволюционистік сипатта болды, ол сапалы секірістерді жоққа шығарды. О.Конт қоғамдағы революциялық өзгерістерге ұмтылу, демек тарих заңын бұзу, оған қарсы жүру деп есептеді. Тарихтағы заңдылықты мойындау позитивистерде жалпыға бірдей социологиялық заңдар туралы түсінікпен сарқылды, қандай-да бір басқа деңгейде жинақтау үшін орын қалдырылмады (бұндай жинақтау метафизика, оң білім емес деп жарияланды). Сондықтан, позитивистік тарихнама өз күшін негізінен фактілерді іздеуге және оны жіті суреттеуге бағыттады.
Сөйтіп, позитивизмнің тарихнамаға ықпалы әртүрлі бағытта, оң да, теріс те болды. Позитивизм әр елге әртүрлі деңгейде енді, әр елде әртүрлі роль атқарды. Ресейде позитивистік негізде тарихи мектеп пайда болса, Италия, католик шіркеуінің ықпалы күшті басқа да елдерде позитивизмнен антиклерикалді тенденциялар тірек тапты.
Теориялық позитивистік тарихнама ғылыми зерттеудің бейтараптық принципін жариялады. Өткенді зерттеуде тарихшының өз дәуірі тұрғысынан қарау правосы теріске шығарылды, одан өз саяси сенімдерін толығынан “өшіріп тастау” талап етілінді. Бірақ, тәжірибе бұл нұсқауларға қайшы келді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында позитивизм күшті болған елдердің өзінде ол жеке өмір сүрмеді. Позитивизмге Ранке идеяларына келіп тірелетін тарихнамалық дәстүр (әсіресе Германияда) қарсы тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет