Кезеңдер
|
Негізгі мазмұны
|
1-кезең – 1878 ж.
|
Ғылым философиясының қалыптасу кезеңі. «Ғылым философиясы» терминін ғылымға енгізген Евгений Дюринг (1833-1921). Ол осы сөзді 1878 жылы Лейпцигте жарияланған «Логика және ғылым философиясы» деген еңбегінде қолданды. Ғылым философиясының бастауларын Платон және Аристотель еңбектерінен табуға болады. Жаңа дәуірде ғылым философиясы таным теориясымен бірге Бэкон, Декарт, Лейбниц, Кант, Гегель еңбектерінде дамиды. Ал жеке ғылыми бағыт ретінде ХІХ ғасырда У.Уэвелл, Дж.С.Милль, О.Конт, Г.Спенсер еңбектерінде қалыптасады. Бұл ғылымның дамуына ғылыми еңбектің әлеуметтік маңызының өсіп, ғылымның пәндік, кәсіптік ұйымдастырылуы қалыптасып, оның табиғат және рух туралы деп бөлінуі және эмпириялық танымның психологиялық, индуктивті-логикалық өлшемдерінің анықталуы қажеттігінің пісіп жетілгендігі себеп болды
|
2-кезең
1900-1920 жж.
|
ХІХ ғ. мен ХХ ғ. тарихи өліарасында ашылған тың жаңалықтарды түсіндіру және арнайы салыстырмалы теория мен кванттық механиканың қалыптасуына байланысты ғылым негіздерін іздестіру мәселелерімен ерекшеленеді. Мах, Планк, Пуанкаре, Эйнштейн, Гейзенберг ғылымның философиялық мәселелерімен кеңінен айналысты
|
3-кезең
1920-1940 жж.
|
Білімнің эмпириялық және теориялық деңгейлерінің өзара байланысын логикалық методтар арқылы анықтау, математикалық жаратылыстану үлгісімен жалпы орталықтанған ғылымды жасау мәселесі қойылған. Ғылым философиясын осындай ракурста Л.Витгенштейн (1889-1951) Вена үйірмесі мен Берлин тобы – М.Шлик, Р.Карнап, Ф.Франк, Г.Рейхенбах дамытқан.
|
4-кезең
1940-1950 жж.
|
Эмпириялық зерттеулермен біржақты айналысуды сынға алып, ғылыми түсіндірудің логикасымен, теория редукциясымен және ғылыми теориялар құрылымының моделін жасаумен Куайн, Нагель, Гемпель, Бриджмен айналысқан. Объективті білімнің теориясы мен фальсификациясы, ғылым мен метафизиканың демаркациясын қарастыратын К.Поппердің ғылыми-зерттеу логикасы концепциясы дүниеге келді. Неопозитивизмнің негізгі идеяларын сынау басталады. Бұл американ математигі, философы Уиллард Ван Орман Куайнның «Эмпиризмнің екі түрі» тақырыпты еңбегінің шығуымен тығыз байланысты.
|
5-кезең
1950 жылдар
|
Ғылым философиясының постпозитивистік кезеңі - тарихи мектеп пен сыни реализм айшықталады. Ғылыми білім динамикасының тарихи реконструкциясы, ғылым дамуындағы философияның эвристикалық маңызы, ғылыми танымның әлеуметтік-мәдени детерминанттары мәселелері Полани, Тулмин, Кун, Лакатос, Агасси, Фейерабенд шығармаларында көрініс береді. Әлеуметтік психология және когнитивтік ғылыми социологияның өзара байланысы туралы ізденістер пайда болады.
|
6-кезең
1960 жылдар
|
Ғылым философиясының зерттеу кеңістігінде білімнің өсу, жетілу, ғылыми жаңалықтардың ашылу тарихы, ғылыми рационалдылықтың эволюциясы, ғылымның дүниетанымдық, әлеуметтік факторларын анықтау мәселелері пайда болады
|
7-кезен
1970-1980 жж.
|
Жаратылыстанудағы ғылыми өлшемдер тұрғысынан әлеуметтік-гуманитарлық ғылым мәселелерін зерттеу жолға қойыла бастады. Тарих ғылымдарымен қатар экономиканың, психологияның, социологияның, әлеуметтік антропологияның, құқықтық және саяси ғылымдардың методологиясын дамыту қолға алынды.
|
Ғылым философиясының дамуында соңғы 30 жылда бірнеше тың мәселердің шоғыры пісіп жетілді деуге толық негіз бар. Олар конвергентті технология, техниканың әлеуметтік мәні мен аксиологиялық мәселелері, экологиялық дүниетаным, адам экологиясы, руханилық, руханилық эволюциясы, біртұтастық принципі, кванттық механика мен сана, дін мен ғылым мәселелері төңірегінде өрби түсуде.
Достарыңызбен бөлісу: |