Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе


-дәріс. Қазіргі заманғы жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері



бет42/44
Дата30.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46294
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
ҒТФ., лек.жинағы (1)

15-дәріс. Қазіргі заманғы жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері

1. Жаһандық өркениет және оның ерекшеліктері


2. Өркениеттік ұстанымның негізгі бағыттары


Өзекті ұғымдар: өркениет, жаһандық өркениет, өркениеттер қақтығысы.

Әлемдік ғылымның алтын қорына алғашқы рет цивилизация – өркениет деген ұғымды енгізген шотланд философы Адам Фергюссон көрінеді. Дегенмен, бұл ұғымды қоғамдық болмыстың өзіндік диалектикасының қыры мен сырын терең зерттеу мәселесіне кеңінен қолданып, оны методологиялық қағида дәрежесіне көтерген К.Маркс пен Ф.Энгельс болып табылады. Өркениет туралы мәселе философия тарихында әртүрлі қырынан көрінеді.


Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Ғасырлар бойы қалыптасқан өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

  1. мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);

  2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);

  3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);

  4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);

  5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);

  6. Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Біріншіден, өркениет дегеніміз – адамзаттың даму процесінде тағылықтан кейін дүниеге келген ерекше тарихи кезең. Бұл кезеңнің негізгі ерекшеліктері – еңбек бөлісуі арқасында пайда болған адамдар арасындағы қарым-қатынастар онан әрі кеңейіп, товар өндірісінің пайда болуы, топтардың қалыптасуы, мемлекеттің дами бастауы.
Өркениет – бүкіл дүниежүзілік тарихи процестің белгілі бір тиянақты даму сатысы. Археологтар мен ежелгі тарихты зерттеушілер бұл ұғымды дәл осы мағынада пайдаланып жүр. Өркениетті тарихи дамудың нақты кезеңі деп қарастыруды ең алғашқы рет Ш.Фурье ұсынған еді, осы теориялық дәстүр Л.Морган, Ф.Энгельс еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Екіншіден, өркениет деп салыстырмалы тұйықталған, өзіндік ерекшелігі бар қоғамдастықты атаған. Бұл дәстүр И.Я.Данилевский еңбектерінде қалыптасқан. Кейіннен осы концепцияны О.Шпенглер, К.Н.Леонтьев дамытқан.
Үшіншіден, өркениет адам баласының өмір сүру мүмкіндіктері кеңейіп, табиғаттың байлықтарын пайдаланып қана қоймай, оны қоғамдық өндірістік технология арқылы өзгерту дәрежесіне көтерілгендігін дәлелдейді. Еңбектің қалай іске асатыны, адамның табиғатқа әсер ету тәсілдері өндірісті қалай және қандай құрал-жабдықтармен жүзеге асыру мәселесі өте маңызды болды. Өркениет жалпы әлеуметтік прогрестің даму процестерімен тығыз байланыста өрбиді. Оның даму жолдарын өркениеттің төменгі сатысы, өркениеттің жалпы деңгейі, өркениеттің аралық сатылары сияқты терминдер арқылы сипаттауға болады. Өркениетті жалпы қоғамдық дамудың жиынтық мінездемесі деп қарастыруға болады.
ХХ ғасырда археология, этнография, салыстырмалы тілтану және басқа да ғылымдар жинақтаған көпжақты материалдар тарихи процестің төменнен жоғарыға сызықтық бағытта дамығандығы туралы пікірдің жеткіліксіздігін айқын дәлелдеді. Өркениеттік тәсіл адамзат тарихы өзіндік ерекшелігі бар бірнеше дара өркениеттерден тұрады деп есептейді. Әрбір өркениет қайталанбайтын мәдени-тарихи оқиғалардан тұрады.
Адамзат тарихын нақты өркениет пен тұйықталған мәдениет тұрғысынан алғаш рет баяндаған орыс жаратылыстанушысы мен философы Н.Я.Данилевский болды.
1872 жылы «Ресей мен Европа» тақырыпты кітабында Н.Я.Данилевский өзіндік ерекшелігі бар өркениет немесе мәдени-тарихи түр деп мысырлық, қытайлық, ассириялық-вавилондық, финикилік немесе халдейлік, үнділік, ирандық, еврейлік, римдік, европалық, герман-романдық немесе европалық мәдениеттерді атап көрсеткен.
Н.Я.Данилевский әлемдік тарихта он өркениетті оқшаулап, олардың қалыптасу, өсіп-өркендеу, даму және сену заңдылықтарын анықтайды.
1. Бір тілде немесе бір тілдік топта сөйлейтін кез-келген қауым немесе халық балаңдық дәуірінен өтіп, рухани тарихи дамуға қабілетін айқындай алса, сөзсіз мәдени-тарихи типке айналады.
2. Шын мәнінде, жаңғырып, мәдени даму үшін халық саяси тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс.
3. Бір мәдени-тарихи түрдің негізгі өркениеттік принциптері басқа мәдени-тарихи түрдегі халықтарға берілмейді. Әрбір түр өзінің мүмкіндігі мен ерекшелігіне сай өркениетті жасайды.
4. Белгілі мәдени-тарихи түрдің өркениеті оның этнографиялық негізі әртүрлі болған жағдайда толық өркендей алады.
5. Мәдени-тарихи түрлердің даму жолы өсіп-өнуі көп уақытқа созылатын, бірақ гүлденуі мен жеміс беруі оның барлық қуатын тез арада сорып алатын көпжылдық өсімдіктің өміріне ұқсайды.
Данилевскийдің мәдени-тарихи түрлерінің немесе өркениетінің жалпы өзегі циклдық сипатта. Оған пісіп-жетілу кезеңі (этнографиялық кезеңі), мәдени және саяси тәуелсіздік қалыптасатын орта дәуірі, әлеуметтік және даралық жолы болушылық пен әділеттілік, еркіндік идеясы іске асырылып, шығармашылық қуат толық ашылатын өркениеттік дәуірі кіреді. Шығармашылық қуат сарқылған уақытта мәдени-тарихи түрдің тозып, құрдымға кетуі басталады.
О.Шпенглерде ұлы мәдениеттердің даму жолы Данилевский концепциясынан басқаша өрбиді. Оның «Европаның сөнуі» еңбегі Батыстың бағы таятыны туралы идеядан туындаған дағдарысты көңіл-күйі жағдайында жазылған.
Шпенглер мәдениеттің қалыптасуы мен қозғаушы күштерін зерттемейді, өйткені оның пікірінше, тарихта себеп-салдарлық принципі әрекет етпейді. Ұлы мәдениеттердің туындауы – түсіндірілмейтін тылсым оқиға. Мәдениеттер – бұл жаны бар организмдер. Жанның оянуы – бұл өсіп-өнетін, өркендейтін, ақыр аяғында өшетін және жансыз өркениетке айналатын мәдениеттің туындауы. О.Шпенглердің пікірінше, өркениет – мәдениеттің іріп-шіруі, кез-келген мәдениеттің дамуындағы соңғы кезең. Өркениеттің негізгі белгілері: индустрия мен техниканың дамуы, әдебиет пен өнердің сөнуі, үлкен қалаларда адамдардың шоғырлануы, халықтың тобырға айналуы.
А.Тойнби О.Шпенглердің мәдениеттердің бір-біріне алыстығы мен тұйықтығы идеясын жоққа шығарады. Әлемдік-тарихи үдерістің бірлігін мойындайды, бірақ оны діни негізден іздестіреді. 21 оқшауланған өркениеттерді анықтап, А.Тойнби олардың бір-бірімен байланысын эмпириялық тұрғыдан бір-бірінен тәуелділігінен іздестіреді.
Тойнби өркениетті тікелей өндірумен айналыспайтын, бірақ экономикалық әрекетке атсалысатын адамдардың аз ғана тобын біріктіретін қоғамның күйі деп бағалайды. Осы аз ғана топ қоғамның ішкі және сыртқы сұраныстарына жауап бере отырып, оны өркениетті ете алады. Осындай ат төбеліндей шығармашылық элита қатарына А.Тойнби өркениет құндылықтарының жанашыры кәсіптік әскери адамдарды, басқарушылар мен дінбасыларды қосады. Тұйықталған өркениеттердің қалыптасу динамикасын Тойнби антикалық, қытай, диаспоралық деп аталатын классикалық модельдерді көрсетуге тырысады.
Өркениеттің құлдырау кезеңі үш сипатта көрінеді: азшылықтың шығармашылық қуатының сарқылуы, көпшіліктің азшылыққа еліктеуінің тиылуы және әлеуметтік бірліктің жойылуы. Тарихты байланыстырушы дәнекер әмбебап шіркеу болып табылады.
С.Хантингтон өркениеттер арасында қақтығыс болуын атап көрсеткен болатын. ХХІ ғасырдың бас кезінде қанат жайып отырған мультикультурализм дағдарысы гарвардтық профессор С.Хантингтон болжамының негізсіз емес екенін көрсетіп отыр.
Өркениеттің дамуы үшін адамның жұмыс күші ретінде, әртүрлі құндылықтарды жасайтын жұмысшы ретінде дамуы тиімдірек.
Сондықтан адамның тұлға ретінде дамуы емес, керісінше, жұмыс күшінің структурасы және соны жетілдіру мәселесі көбірек қызықтырады. Бұл тұрғыдан келсек, өркениеттілік – бұл жоғары кәсіпкерлік, қоғам байлығын көбейтуге жағдай жасайтын қабілеттілік, қоғамдық қарым-қатынастарды жетілдіру. Мәдениеттілік – адамның рухани жетілуі. Мәдениет адамда біртұтастықты, намыс, ұят, ізгілік, турашылдық өзін-өзі сыйлау сияқты жоғары адами қасиеттерді қалыптастырады. Тұлғалық, сонымен қатар, тың бастаулар тек қана мәдениетте дамиды.
Өркениет дәуірі адам өміріне машина ене бастағаннан бері дамыды, содан бері оның табиғи реті мен байланысы бұзылды. Өркениеттің негізін машина құрайды, сондықтан онда рухани мәдениеттің тұтастығы жоқ. Онда арнайы мамандандыру басым. Сөйтіп, мәдениет өзінің руханилығын жоғалтып, өркениетке айнала бастайды. Қасиетті рух өзінің ежелгі тұғырынан тайып, сапа санмен алмастырылады.
Өркениеттің жылдамдығы соншалық, онда өткен де, бүгін де жоқ, онда тек қана болашақ бар. Өркениет дәуірінде мәдениет әр уақытта романтикаға толы.
Өркениет – адамдарды бір-бірінен алыстататын әлеуметтік құндылықтарға негізделген, өйткені ол адамдарға зат, заттық қатынастар әлемін ұсынады. Материалдық құндылықтар жоғары саналатын қоғамда қоғамдық қарым-қатынастар әр уақытта дағдарыста болып тұрады.
Мәдениет – өркениеттің негізі. Құндылық қарым-қатынас мәдениет пен өркениетті байланыстырады. Мәдениет әртүрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандық сферасына енгізеді. Рухани мұраттар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Рухани құндылықтар мен мұраттарды қадірлейтін қоғамның болашағы бар.
ХХ ғасырдың аяқ шенінде қанат жайған әртүрлі елдердің экономикалық, әлеуметтік-саяси интеграция процестері сан алуан мәдени дәстүрлердің бір-бірімен ұшырасуын, кездесуін тездетуде. Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп отырған заттық, болмыстық ортасы, оған тән әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесі, коммуникация тәсілдері өзгерді. Ғылыми-техникалық прогресс өркендеген, робот пен электроника жұмыс істейтін, қуатты демократиялық қозғалыстар мен ақпарат тасқыны заманы бұрынғы методологиялық қағидалардың аясына сыймайтын тың, ауқымды оқиғаларды туғызуда. Өскелең заман қоғам танудағы көптеген ұғымдарға сын көзбен қарап, саралауды талап етуде.
Н.Г.Багдасарьян өркениеттік және мәдени құндылықтарды салыстырып, мынадай кесте ұсынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет