Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


Тақырыбы: Ресейдегі Ақпан төңкерісі жіне оның Қазақстанға ықпалы. Саяси партиялардың қалыптасуы мен қызметі



бет28/81
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#12222
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
Тақырыбы: Ресейдегі Ақпан төңкерісі жіне оның Қазақстанға ықпалы. Саяси партиялардың қалыптасуы мен қызметі.


  1. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің кезінде.

  2. Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және «Алаш» партиясының құрылуы

1917 жылдың басында Ресейдің төңкерістік жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Төңкерістік дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, онын ішінде Қазакстанда да сезілді.

1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрыңғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Төңкерісшіл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрыңғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұткынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.

Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Мәселен, Семейде қалалық думанын, офицерлердің өкілдерінен, биржалық комитет пен кооперативтердің кулактық одағы мүшелерінен тұратын қоғамдық ұйымдар мен армияның Семей атқару комитеті, Петропавлда, Өскеменде қоғамдық кауіпсіздіктің т.б. бірлескен атқару комитеті жұмыс істей бастады. Көкшетауда көпестер мен шенеуніктердің жиналысы уақытша коалициялық комитет сайлады. Өскеменде де осындай атқару комитеті құрылды. Уақытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу қазақ әскерлері мен қазақ-орыс станицалары қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары - қазақтық комитеттер құрды. Бұлардың басында бұрыңғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды. Сонымен қатар Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттык интеллиғенцияның өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т. б. тағайындалды. Бірақ олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуніктері болғандықтан жергілікті қазақ халқының көкейкесті мәселелерін шеше алмады. Кейбір жағдайда ұлттық интеллигенция өкілдері Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық-саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шығып кетті.

Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-қазақ әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды, қазақ халқының тандаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрыңғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. Өйткені бұл жаңа үкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігінен айнымай, жергілікті халыққа олар қалай қараған болса, солай қарады.

Патша өкіметі құлатылғаннан соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Орынборда және Торғайда - П. Кобезев, Ә. Жангельдин, А. Коростелев, Ақтөбеде - В. Ф. Зинченко, Перовскіде - А. В. Черняхов, Оралда - П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте - Н. Морозов, Семейде - П. Салов, Петропавлда - К. Сүтішев т. б. партиялық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Большевиктік партиянын қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді. Олар Уақытша үкімет саясатының мәнін халыққа ашып берді, революция жауларының арам пиғылдарын әшкереледі, жұмысшылар мен шаруаларды, солдаттарды төңкерістін женісі жолындағы күреске топтастырды.

Ақпан төңкерісі женгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табынын елеулі табысы - кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орынбор-Ташкент теміржолшыларының Құрылтай съезі және Омбы темір жол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бұл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағаттық жұмыс күні, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық, контрреволюциямен күрес, Құрылтай жиналысына қатысу, пенсиямен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер.

Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т.б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы кезде мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын құрды. Орынборда "Еркін дала", Омбыда "Бірлік", Оралда "Жас қазақ", Троицкіде "Үміт" деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған такпақ-өлендер таратты, ойын-сауық кештерін, айтыс-талқылаулар т. б. ұйымдастырды. Бұл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар қазақ халкын патша өкіметінің ұлттық орталық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халкының білім алуын талап етті, еңбекшілердің санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды. Осы топтар мен үйірмелер арасынан неғұрлым батыл революциялық бағдарламамен әрекет жасағаны Әулиеата уезінде Түрар Рысқұлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының революцияшыл одағы" еді. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді.

Ұлттық интелегенцияның көрнекті өкілдері Ә.Бөкейханов, А.Байтрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев, М.Сералин, Ж.Сейджалин, Б.Қаратаев, С.Торайқыров т.б. «Қазақ» (1913-1918) газетінің және «Айқап» (1911-1915) журналының төңірегіне топтасты.

Бұл кездегі империя көлемін қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ окығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар "Қазақ" газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда болған "Бүкіл қырғыздық" съезде "Алаш" партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихаң Бокейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б, кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 /18-26/ желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы -Алашорда Үкіметі - ұлт Кеңесі құрылды. "Алаш" партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;7)Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі.

Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. Осы козғалыстың өмірге келуі отаршылдық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бергі қордаланып келген және әбден пісіп-жетілген наразылығының айқын көрінісі болды.

Большевиктер билікке келісімен-ақ, ұлттық мүддені негізгі мұраты санаған, Қазақстандағы бұл қозғалыс пен Алаш партиясына пролетарлық төңкерістің салтанатты шеруі жолындағы кедергі есебінде қарады. Бұл бағыт оның ішкі және сыртқы саясатында /халықаралық коммунистік қозғалыстағы да/ ашық көрініп, әсіресе, Сталиннің жеке билігі орнағаннан кейінгі кезеңде жетекші бағытқа айналды. Соның салдарынан бұрыңғы империяның шет аймақтарында дами бастаған ұлттық қозғалыстарға үзілді-кесілді тежеу салынды.

1918 жылғы 5 қаңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құру мүмкіншілігіне де зардабын тигізді. Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық тереңдей түсті. Егер Алаш партиясы, біріккен ұлттық зиялылар большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені күштеп танушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдык топтардың таптық мүддесін қорғайтын, төңкеріске қарсы кертартпа күш есебінде қарады.

Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы — ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі — Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет