Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі



бет62/81
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#12222
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81
Байланысты:
kazedu 201595

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі - Қазақстан Республикасы- ның бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Конституцияның мәртебелілігі - билік органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандай да болсын құқықтық актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға сай келуі, оған қайшы келмеуі болып табылады. Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері де Конституция нормаларының бұзылуына жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелігін қамтамасыз етуде Конституциялық Кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға және басқаларға тәуелсіз және тек Конституцияға ғана бағынады, әрі саяси және өзге де себептерді негізге ала алмайды.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңеске мүше бола алады. Конституциялық Кеңестің төрағасын және тағы екі мүшесін Республика Президенті, екі мүшесін Сенат төрағасы және екі мүшесін Мәжіліс Төрағасы тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Конституциялық Кеңестің қарауына мынадай мәселелер жатады:

1. Дау туған жағдайда Президент сайлауының;

2. Парламент депутаттары сайлауының және

3. Республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді;

4. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың

Конституцияға сәйкестігін қарайды;

5. Конституция нормаларына ресми түсініктеме береді;

6. Парламент республика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін - белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді.

Жоғарыда аталған мәселелерді Конституциялық Кеңес Республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Терағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің және Премьер-Министрдің өтініштері бойынша қарайды.

Конституциялық Кеңес іс жүргізуге қабылданған өтінішті қарап, өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде ол жөнінде қорытынды шешім шығарады. Егер мәселені кейінге қалдыруға болмаса, Республика Президентінің жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін.

Конституциялық Кеңестің шешіміне толығымен немесе бір белігіне Республика Президенті қарсылық білдіруі мүмкін. Бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен ескеріледі. Республика Президентінің қарсылығы ескерілмеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбады деп есептеледі және осы мәселе бойынша конституциялық іс жүргізу тоқтатылады. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Мысалы, 2005 жылдың ортасында қоғамымызда президенттік сайлаудың қашан өтетіндігі туралы дау туғанда Республика Парламентінің бір топ депутаттары Конституцияның 41-бабының 1-тармағына және 94-бабының 1-тармағына ресми түсіндірме беруді және Конституцияның аталған нормаларының қайсысы басым екенін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлау күнін белгілеу мен ол күнді Республика Парламентінің Мәжілісі жариялау кезінде қайсысын басшылыққа алу керектігін айқындап беруді өтініп Конституциялық Кеңеске жүгінген болатын. Осыған орай 19 тамызда ҚР Конституциялық Кеңесі Конституцияның 41-бабы және 3-тармағына және 94-бабының 1-тармағына ресми түсіндірме жасап еліміздегі кезекті Президент сайлауының мерзімін анықтап берді. Конституциялық Кеңестің шешімдері Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып саналады және шағымдануға жатпайды.

Конституциялық Кеңес сот қызметін атқармайды. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тек сот қана жузеге асырады.

Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүлделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен мүлделерін қорғауды жүзеге асырады, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықгық актілердің, республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Соттар өздеріне тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан Қазакстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Рес-публикасындағы сот билігі еліміз Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік қүқықтық актілерінің, Қазақстанның халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттардың шешімдері, үкімдері, өзге де қаулылары, заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, сондай-ақ өтініштері республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып саналады. Оларды орындамау және сотты құрметтемеу заң бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады. Қазақ-стан Республикасындағы сот жүйесін заңмен құрылатын Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттар, Алматы, Астана қалалық соттары, аудандық (қалалық) соттары құрайды.

Судья Республикадағы сот билігін атқарушы болып табылады.

Сот билігінің мүлтіксіз жүзеге асырылуы көп жағдайда өзімізге де байланысты. Заңды қастерлемейінше және заңдылықтың сақталуын ең алдымен өзімізден және басқалардан (көре тұра көз жұмбалыққа салынбай) талап етпейінше әділ сот жүйесін орнықтыру қиынға соғады. Бізде әлі күнге дейін құқықтық сана, құқықтық білім беру мен оқыту бір жүйеге келтірілмеген. Орта мектепте құкықтану сабағы бір жыл ғана (9 сыныпта), онда да 34 сағат қана оқытылады. Азаматтардың көпшілігінде құқықтық енжарлық басым, өздерінің құқықтарын белсенді қорғай алмайды.

Халықтың құқықтық санасын, құқықтық белсенділігін арттыру үшін «заңды білген ұтылмайды» қағидасын әркімге және олардың күнделікті тұрмыс әрекетіне орнықтыру қажет. «Заңды білмеу мені жауапкершіліктен құтқарады» әдетінен арылу арқылы ғана кұқықтық мемлекет орнықтыра аламыз. Құкықтық мемлекет көрінісінің ең басты белгілерінің бірі де заңның үстемдігі, әркімнің заң алдындағы теңдігі, заңды кұрметтеу, заң нормаларының мүлтіксіз орындалуы, әділ сот әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғай алу құқығы және т.б.

2007 жылғы мамыр айындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оқулық мәтіні бойынша терулер аяқталып, жұмыс баспаханаға жіберіліп қойғандықтан берілген жоқ. Конституцияға қатысты мәтіндер өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейінгі Конституция нормалары бойынша беріліп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет