Қазақстан және Қытай: ынтымақтастықтың негізгі багыттары
Қазақстанның геосаяси жағдайы, оның екі ірі әлемдік держава - Ресей мен Қытай арасында орналасуы, ҚХР-мен шекаранын ұзақтығы, тарихи, мәдени-этникалық ортақ мүлделер, қауіпсіздікті сақтауға деген өзара ықылас - міне, мұның бәрі Қытай Халық Республикасымен достық қатынастарды жедел дамытудың объективті алғы шарттарына айналды.
Қазақстанның ҚХР-мен шектесіп жатқан аудандарында және Шыңжан Ұйғыр Автономиялық ауданында тұратын халықтардың тарихи және этникалық жақындастығы да бүл қатынаста белгілі бір рөл аткарады. Осы елдердің экономика саласындағы қарым-қатынасы өзара тиімді, ауқымды және пайдалы болатынына сенім ұялатады. Мәселен, екі ел аумақтары арасындағы тікелей транспорттық қатынастың ашылуы, Қытайға Орталық Азия аймақтарының рыноктарына, сондай-ақ Еуропаға және Закавказияға шығуға мүмкіндіктер берді. Сонымен бірге Қазақстан үшін Қытай аумағы арқылы Тынық және Үнді мұхиттарына шығу мүмкіндігі ашылды.
Екі ел үшін де сауда қатынастарын дамытудың және мұнай өндірудің, мұнай және газ құбырларын салудың, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының басқа да салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегі зор болып отыр. Екі жақты қатынастардың өте маңыздысы - Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту болмақ. Екі ел ғалымдары қарым-қатынасының бастауы тереңде жатыр, ол іргелі де қолданбалы ғылымның бағытында бірқатар маңызды мәселелерді қамтиды.
Қазақстан мен Қытайдың қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қарым-қатынастары ерекше назар аударуды қажет етеді. Маңыздылығы жағынан оның бастысы - ядролық қауіпсіздік проблемасы. Қытай бұл бағытта ядролық қарудан бас тартудың қарымтасы ретінде Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін берді. Осы орайда Қытайдың 1996 жылы Лобнор полигонында ядролық сынақтарға қарсы жасаған моратория игі бастама болып табылады.
Қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастың маңызды аспектісі ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан арасындағы шекара мәселелерін ретке келтіру жөніндегі қол жеткізген келісімдер, сондай-ак қылмысқа және наркобизнеске қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық болып табылады.
Екі ел басшылары арасындағы, тұтастай алғанда, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде де өзара түсіністікке қол жеткізілді. Қазақстан Президентінің Азияда АӨЫСШК дипломатиясы институтын құру туралы идеясы ҚХР басшыларының тарапынан қолдау тапты. Қазақстан басшылығы өз кезегінде қандай да бір болмасын Қытайдағы, ең алдымен ШҮАА-дағы сепаратистік қозғалыстарды қолдамайтындығын мәлімдеді, өйткені көрші мемлекет ішінде ішкі дүрдараздықтар өрістеп жатқан тұста осындай кикілжің тудыратын жағдай республикаға тым қолайсыз болып табылмак, өйткені ол шекара маңындағы аудандардағы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.
Демек, Қазақстан - Қытай қатынастарын онан әрі дамытып, тереңдете түсу - Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды ерекшеліктерінің біріне жатады. Қазіргі кезде осы ынтымақтастықтың барлық жақтарын ұлғайтуға арналған құқықтық база жасалынды, елдер арасындағы қатынас тұрақты сипатқа ие және дамудың келешегі айқын болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |