Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


 Эмоционалдық интеллект анықтамасы. Эмоционалдық интеллект



Pdf көрінісі
бет12/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   113
3. Эмоционалдық интеллект анықтамасы. Эмоционалдық интеллект 
когнитивті қабілет пен тұлғаның даралық сипаттамасы ретінде.
Эмоционалды интеллект
 - адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын 
түсіну 
және 
олардың 
эмоциялық 
күйіне 
бейімделу 
икемділігі. 
Интеллект
(лат.
іntellectus
— таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой 
қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында 
бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, 
казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. 


Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - 
ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің 
күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. 
Эмоциялық интеллект
 (ЭИ) дегеніміз өз сезімдері мен өзге адамдардың 
сезімдерін түсінуге, өзіне мотивация туғызып, өз эмоцияларын да, басқа 
адамдарға қатысты эмоцияларды да басқара білуге қабілеттілікті білдіреді. 
Бұл анықтама академиялық қабілеттерден ерекшеленетін, бірақ оларды 
толықтыратын және ақыл - ой дамуының коэффициентімен бағаланатын таза 
танымдық қабілеттерді сипаттайды. 
Эмоционалды интеллект идеясы Э.Торндайк, Дж.Гилфорд, Г.Аизенк сияқты 
авторлар қарастырған әлеуметтік интеллект ұғымынан шықты. ЭИ-тің 
ашылуын болжаған ең алғашқы жұмыс 1920 ж. Р.Торндайк жүргізген зерттеу 
болды. Бұл автордың моделі бойынша интеллектуалдық әрекеттердің жалпы 
негізі «кӛптеген жекелеген факторлардың ӛзара әрекеттестігінде ашылды». 
Э.Торндайк алғашқы болып жалпы интеллектінің әлеуметтік интеллект –
«басқаларды түсіне білу және қоршағандарға қатысты өзін-өзі дұрыс ұстау 
немесе ақылмен әрекет ету қабілеті» сияқты бөлігін бөліп көрсетті. 
Қолданылған әдебиеттер

Жарықбаев.Қ Психология 
негіздері, 
Алматы 
2005ж, 
293-302б.
Тәжібаев.Т Жалпы психология, Алматы, «Қазақ университеті», 1993ж., 
212-Намазбаева.Ж.М. Психология ,Алматы 
2005ж., 
227-240б.
Рувинский Л.И., С.И. Хохлов, Ерік пен мінез қалай тәрбиелеу керек, 
Алматы , «Мектеп» , 1989ж., 139-141б Крысько В.Г. Психология 
и педагогика схемы и комментарий, М., 1989г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет