Тұлғааралық
қарым-қатынас
ғылыми
танымның
пәні
ретінде.
Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі –
қарым-қатынас мәселесі болып табылады. «Қарым-қатынас» түсінігі мен
тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың
алатын рөлі туралы идея
кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова,
М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен
қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі
ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас,
біріншіден, бұл -
қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген
қызметті жүзеге
асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің
нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник «Адамның
дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен
байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін
емес»
деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл
мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс
жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты» деп жазған.
Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты
болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның
жекелеген психикалық
қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас
қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде «қарым-қатынас»,
«әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-қатынас», «іскерлік
қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты
болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың
өзіндік өзгешеліктері
болады.
Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына
байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:
Қоғамдық қатынастар
анағұрлым айқын көрінетін әлеуметтік
бағдарлы
қарым-қатынастар
(дәріс оқу,
баяндама
және
)
Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын байқалатын
пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында
қалыптасатын қарым-қатынастар жатады) Тұлғааралық қарым-
қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық
қарым-қатынасқа адамзат
аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-
қатынастың
бірінші
коммуникативтік
жағы
ретінде
сипатталады.
Тұлғааралық
қарым-қатынастың
екінші
жағы
–
қарым-қатынас
жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес,
істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың
үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып
табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз–
оқытушының ықпалымен студенттердің
топтық іс-әрекетін реттеуші,
вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі
шиеленістерді
шешудің,
мінез-құлықтың
топтық
нормаларын
қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының
бір факторы болып табылады.
Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің болмауы
немесе төмен деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік пен келеңсіз
оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі
шебер түрде реттей білу қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: