Күту теориясы 3 өзара байланысқа негізделеді:
еңбек шығыны – нәтижелері: жұмсалған күш пен алынған нәтижелердің қатынасы.
Егер жұмысшы еңбек шығыны мен алыған нәтижелері арасында тікелей
байланыстың жоқтығын сезінсе мотивация әлсірейді;
еңбек нәтижелері – сыйақы тағайындау: қол жеткізілген нәтиже арқылы
тағайындалған мадақтау немесе сыйақыны күту. Егер алынған нәтиженің көлемі
мен сыйақының арасында өзара байланыс болмаса онда әрекет мотивациясының
салдары болмайды;
сыйақы – сыйақыға қанағаттану; сыйақының көлемі мен құндылығына
салыстырмалы түрде қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесі.
Әділдік теориясының негізгі қорытындысы:
Жұмыс нәтижесі сыйақы деңгейіне сәйкес теңбе-тең бағалануы тиіс, болмаса
мотивацияның ынталандыру ролі төмендейді.
Моделдің негізгі тезисі: адам өз қажеттілігін өзінің еңбек үлесі үшін тағайындалған
лайықты сыйақы арқылы қанағаттандырады.
2. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив дегеніміз- адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы
қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға
бағытталған итермелеуші күш, түрткі.
Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде
анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде
анықталады.
Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге
болады:
индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы
күштердің жиынтығы;
әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.
Сондықтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы
ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың
бұл формалары өзара тығыз байланыста.
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің
белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.