Тапсырма 1 Төменде көрсетілген терминдерді салыстырыңыз. Лидер мен басшының функциясы, қасиеті ұқсас болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл екеуі екі түрлі ұғым. Бұл екеуінің ең басты айырмашылығы – басшыны тағайындайды, ал лидер бейресми түрде лидер атанады. Басшының құзыреті өзгелерден жоғары, бірақ ол оны лидер етпейді.
Менеджер
Басшы (лидер)
Бағыт
Басшы қызметкерлерге бағыт беріп, оның жұмысының нәтижесіне жауап береді. Ол жұмыс процесіне араласып, тапсырмалардың ретін қадағалайды.
Ал лидер әріптестеріне энтузиазммен қарап, оларды шабыттандырады. Жұмысына еркіндік береді.
Мақсат
Басшылар бұған дейін қалыптасқан тұрақты мақсатқа немесе басқа біреудің белгілеп берген межесіне сүйенеді.
Ал лидер жаңа, бейстандарт, өзгенің тәжірибесінен өткен шешім қабылдайды. Бір проблема шешімін тапса, ол әдейі басқа проблема іздейді. Себебі ол әрдайым ізденіс үстінде.