7 апта: Зейін және ес 1. Зейін туралы жалпы ұғым. 2. Зейіннің қызметтері мен қасиеттері. 3. Естің жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. 4. Ес дамуының жеке-дара айырмашылықтары Зейін дегеніміз — сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.
Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады.
Зейін субъектінің айналадағы дүниеге жақсы хабардар болуымен байланысты және оның адам психикасында неғүрлым толық және айқын бейнеленуін қамтамасыз етеді. Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің оқушылардың зейінін қаншалықты окуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады; оның үстіне балалардың сабақта зейінін сала жұмыс жасауы класта тәртіптің болуын да қамтамасыз етеді.
Белгілі бір затқа зейін аударылса, ол біздің санамыздың төрінен орын алады, қалғандарының бәрі бұл кезде нашар қабылданады, айқын болмайды (бейнелеп айтқанда қабылдаушының «шет пұшпағында» қалып қояды). Мұнда біздің зейініміздің бағытталуы өзгереді. Мынадай бір жағдайды еске алайық. Оқушы кітап оқып отыр, оның барлық зейіні кітаптың мазмұнына ауған. Ол бөлмеде сөйлеп тұрған радионың даусын естиді. Кейбір сөздер оның санасына жетіп жатады. Енді радиодан футбол матчы туралы репортаж беріле бастады, баланың зейіні түгелімен радио хабарына ауды, ал оның жезі кітаптьің әр жолдарына жылжып кетіп отыр-ады. Сөйтіп шәкірт кітаптың бірнеше беттерін «оқып» шықты, бірақ онда жазылған сөздердің мағынасы оның санасына барып жетпейді.
Зейін әдетте шәкірттің бет құбылысынан, отырысынан, қозға-лысынан (кітаптағы қосымшаны қараңыз) білінеді. Зейін қойып отырған тыңдаушыны зейін салмай отырған тыңдаушыдан айыру қиын емес. Бірақ кейде шәкірт мұғалімді тыңдап отырған сияқты пішін көрсетеді, ал шындығына келгенде оның ойы класта болып жатқандардан тыс, басқа жақта болады.
Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін койып немесе зейін аудармай қараймыз, тыңдаймыз, (яғни қабылдаймыз), ойлаймыз (яғни ой жүгіртеміз) немесе бір нәрсені істейміз. Сөйтіп, зейін әр түрлі психикалық процестердің тек бір жағы немесе қасиеті ғана болып табылады.
Адам ояу кезінде бір іс-әрекетпен шұғылдануымен (бір нәрсе істейді немесе бір нәрсені ойлайды) байланысты оның зейіні сол нәрсеге аударылады. Егер оқушының зейіні сабақтың мазмұнына аударылмаса, демек, оның зейіні басқа нәрсеге ауып отырғаны.
Ырықсыз зейін. Егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны мағынан қызықты болып келсе, көрнекі құралдар қолданылса оқушылар педагогтің сезін өздері-ақ ұйып тыңдайды, көрсеткендерін көңіл қоя қарайды. Мұны ырықсыз зейін деп атайды. Ол көбінесе адамда өзін қыстап, зорламай-ақ өзінен-өзі болатыны былай тұрсын, сонымен қатар бір нәрсені көруге, естуге т. С. С. Алдын ала ниеттенбесе де пайда болады. Сондықтан зейіннің бұл түрін алдын ала ниеттейбеген зейін деп атайды.
Ырықсыз (алдын ала ниеттенбеген) зейіннін, физиологиялық негізі адамды қоршаған ортада болып жатқандарға көңіл аударуға қоздыратын барлау рефлексі болып табылады.
Ырықсыз зейін нақты айтқанда неден пайда болады? Ең алдымен күшті тітіркендіргіштерден пайда болады. Мысалы күннің құлақты тұндыра күркіреуі немесе мылтықтың жақыннан атылуы қай адамды да олардың дауысына еріксіз назарын аудартады. Тітіркендіргіштердін; салыстырмалы күшінің маңызы зор. Түнгі тыныштықта шыйдан шамалы сыбдыр да адамның кеңілін аударады.
Адамның көңілін аудару ушін тітіркендіргіштердің күтпеген жерден пайда болуы, олардый; күші онша үлкен болмаса да маңызды келеді. Қозғалыстағы заттар, сондай-ақ жаңалық, әдеттетілердің өзгеруі адамның назарын аудармай қоймайды. Мысалы, сабақта жаңа көрнекі құралдардың пайдаланылуы оқушылардың рларта зейін аударуын күшейте түседі. Қарама-қарсы (контраст) заттар мен құбылыстар да осылай әсер етеді, мысалы ұзын адамның қасында бойы қысқа адам тұрса, бірінші адамға көңіл аударылады.
Ырықсыз зейіннің аударылуына адамның ішкі жан-дүниесі күйінің маңызы зор. Қарны ашқан адам ас үйден шыққан тамақ иісін сезе қояды, ал тамағы тоқ адам ол иіске зейін аудармайды.
Бізді қызықтыратын нәрселердің бәрі бейімділік пен талғамымызға қарай сезім органдарына әсер етеді, біздің зейінімізді еріксіз аудартады. Қызықтыруда, ең бастысы зейіннің сақталуында адамның бастан өткен тәжірибесінің маңызы үлкен.
Ырықты зейін. Зейіннің бұл түрін сондай-ақ алдын ала ниеттену зейіні деп атайды. Оқушы есеп шығарып жатады, оған сол есепке ақыл-ойын жұмылдыру қиын, бірақ ол өзін-өзі соған зорлайды, шарттарына зер салады, ойға шомады. Қөбінесе сыртқы тітіркендіргіштер оның көңілін басқа жаққа аударып жібереді, бірақ ол ерік күшімен жұмысқа өзін-өзі зорлап кендіреді. Ырықты зейін адамда еңбекке жұмылу нәтижесінде пайда болды, сондықтан оның жігерлілік сипаты бар.
«Еңбек үстінде, оған қатысты органдарға күш түсумен қатар, — деп жазды Маркс, — еңбек етіп жатқан уақыттың бүкіл өн бойында зейін аударуда бейнеленетін мақсатқа сәйкес ерік күші де қажет».
Үйреншікті зейін. Бірқатар психологтар зейіннің тағы үшінші түрін айырып көрсетеді, бұл белгілі бір ерік күшін жасағаннан кейін адам жұмыстың «байыбына барып», өзін оған оңай жұмылдыра алатын кезде пайда болады. Мұндай зейінді совет психологі Н. Ф. Добрынин үйреншікті (туынды) зейін деп атады, өйткені ол әдеттегі, ырықты зейіннің орнына келеді. Зейіннің бұл түрі ырықсыз зейіннен өзгеше: адамның саналы мақсаты болады, сол үшін ол бар күш-жігерін жұмылдырады. Бірақ үйреншікті зейінді ырықты зейінмен бірдей деп санауға болмайды: бұл ерекше ерік күшін қажет етпейді. Үйреншікті зейіннің оқу жұмысында маңызы зор, оқу жұмысының бас кезінде мектеп оқушысында кебінесе ырықты зейін болады. Келе-келе сабақ баланы баурап алады, ол басқа жаққа көңіл аударуды қойып, бар ықыласымен оқуға кіріседі.
Егер ырықсыз зейіннің пайда болу шарты, жоғарыда айтылғандай, сыртқы тітіркендіргіштердің сапасы, әсіресе адамның ішкі жай-күйі (оның мұқтажы, ықыласы т. С. С.) болса, ырықты зейіннің пайда болуы және оны қолдау үшін іс-әрекетке саналы көзқарастың болуы қажет. Бірақ кейде мынадай жағдай да болады: саналы көзқарас жасалған, мақсат айқын, ол мақсатқа жету мүлде қажет деп саналады, солай бола тұрса да, жұмысқа күш-жігерін жұмылдыра алмайды. Мұндай жағдай өзін-өзі билей ал-майтын, зейін қою үшін белгілі бір күш-жігер жұмсауға дағдыланбаған адамдарда болады.
Бұл көрсетілген шарттардың үйреншікті зейіннің пайда болуына да қатысы бар. Рас, бұл зейіннін, тууы аз қиыншылықпен жүзеге асырылады. Мұнда көбінөсе дағдылану үлкен роль атқарады, соның арқасында адам жұмысқа тез беріледі де, оған өзінің күш-жігерін жұмылдырады.
Зейіннің кейбір ерекшеліктері (немесе қасиеттері) болады, бұл әр адамда әр түрлі дәрежеде бейнеленеді.
Кейде адам жұмысқа не бақылауға сондай беріліп кетеді де, басқа нәрсені байқамайды. Бұл — зейіннің қасиеті, ал зейіні аударылған нәрсеге берілу, мұны зейіннің бөлінуі (немесе шоғырлануы) деп атайды.
Зейіннің маңызды қасиеті — оның тұрақтылығында, басқа імрсеге көңіл аууына берілмеуінде, осының арқасында адам белгілі бір затқа немесе әрекетке ұзақ уақыт көңіл аударып шұғылдана алады.
Егер бір нәрселердіқ суретін салған, не цифрлар немесе әріптер жазылған плакатты көпшілікке сәл ғана көрсетсе, біреулері — ондағы объектілердің көбін, екіншілері — азын есіне сақтап, айтып береді. Алдыңғыларда зейін аумағы үлкен, яғни бір мезгілде қабылдайтын заттар саны көп, соңғыларында аз. Егер қабылданатын объектілер бірімен-бірі байланысты болса (мысалы, әріптерден құралып сөз жазылса) онда адамнық байқап қалатын объектілерінің саны көп болады.
Бізге көбінесе назарымызды бір затқа ғана аудармай, бірнеше затқа аударуға, қатарынан екі-үш әрекет жасауға тура келеді. Мысалы, мұғалім өзінің назарына бір ғана баланы алмайды, 30—40 оқушыны, олардың не істеп жатқанын және мінез-құлқын байқауға, оқушының жауабын зер салып тыңдауға, оның тақтаға не жазғанына қарауға, жұмысын бағалауға, сабақтың жалпы өту барысын байқауға, уақытты, белгіленген жоспардың орындалуын т. Б. қадағалауға тиіс. Қатарынан бірнеше заттарды немесе әр түрлі әрекеттердің орындалуын қадағалау зейіннің ерекше қасиетін, оның белінуін сипаттайды.
Тек мұғалімнің жұмысы ғана емес, көптеген басқа мамандықтарда да зейінді дұрыс бөле білуді керек етеді. Мұның қатарына шофердың, ұшқыштың, диспетчердің және көптеген басқа мамандардың еңбегін жатқызуға болады. Мұғалімнің түсіндірмесін жаза отырып, оқушы да өзінің зейінін белуге тиіс, өйткені ол мұғалімнің айтқан сөйлемін жазумен қатар, онан әрі не айтатынын тыңдауға тиіс.
Зейінді бөлгенде қатарынан орындалатын әрекеттердің ең болмағанда біреуін білудің маңызы зор. Көбінесе адам бұлардың біреуіне зейінін аударады, басқалары өзінен-өзі дерлік орындалып жатады.
Іс-әрекет барысында адамға өзінің зейінін бір объектіден екінші объектіге, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіріп отыруға тура келеді. Зейінді жаңа объектіге саналы түрде көшіруді оның ауыстырылуы деп атайды. Ауыстырылудың табысты болуы және алдыңғы іс-әрекеті мен соңғы іс-әрекетінің ерекшеліктеріне және адамның жеке қасиеттеріне байланысты болады. Егер алдыңғы жұмыс үлкен ықыласпен істеліп, соңғы іс-әрекеті ондай ықыластылықты туғыза алмаса, онда зейін ауыстыру қиынға түседі. Егер, керісінше, адам жаңа жұмысқа бар ықыласымен кірісетін болса, онда оның зейіні оңай ауысады.