Лекция 5-6. ҚР дәрілік заттар саясатының және фармацевтикалық қызметтің құқықтық негізін регламенттейтін заңдылық-нормативті құжаттар
Лекция мақсаты: ҚР дәрілік заттар саясатының және фармацевтикалық қызметтің құқықтық негізін регламенттейтін заңдылық-нормативті құжаттармен таныстыру
Лекция жоспары: 1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі
ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар 1. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші:
4) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді;
5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді;
6) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде қолданылмайды.