Лекция жоспары: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі


-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті



бет4/5
Дата10.02.2023
өлшемі23,38 Kb.
#66834
түріЛекция
1   2   3   4   5
10-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
9) тиісті фармацевтикалық практикалардың стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
11) фармацевтикалық өнімге сертификат береді;


15-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия
1. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия стандарттауды, клиникалық хаттамаларды, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ осы Кодекстің 25-бабына сәйкес субъектілерді аккредиттеу мақсатында құрылады.


3-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ РҰҚСАТТАР МЕН ХАБАРЛАМАЛАР
17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау
1. Денсаулық сақтау саласында қызметтің мынадай түрлерін лицензиялау жүзеге асырылады:
1) медициналық қызмет;
2) фармацевтикалық қызмет;
3) денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет;
4) адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкету.
5) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсету.


4-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ, АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ
5-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ
6-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАРНАМА
7-тарау. ЦИФРЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет