Лекция жоспары: Капитал және оның нысандары. Капитал қойылымдарының шекті өтімділігі



бет3/5
Дата28.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#88215
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 лекция

ЖЕР НАРЫҒЫ

  • ЖЕР НАРЫҒЫ
  • Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз.
  • Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:
  • Жер құнарлылығы;
  • Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.
  • Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның тарихи қалыптасқан жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген құқығын анықтауды және соны мойындауды айтады. Жерді иемденуді оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады.
  •  
  • Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар жүзеге асырады.
  • Қоғамдық өндірістің негізі бола алатын жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды. Біріншіден, жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады: жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы, жердің адам іс-әрекетінің нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде қарастырылуы, рента түрінде табыс әкеле алуы және оның бағасының болуы, т.б. Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші өнеркәсіпке қажетті, кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған алаң ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу мүмкіндігі, т.б. Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады: мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін Жер-ана атқарады.
  • Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы және ерекшелігі мыналардан көрінеді:
  •  
  • Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады;
  •  
  • Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады;
  •  
  • Жердің қозғалмайтындық сипатта болады;
  •  
  • Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез келген түрінде қолда­ ныла береді;
  •  
  • Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады. Сонымен, жердің саны және оның ұсынысы шектеулі болғандық­
  •  
  • тан, жер нарығында белсенді рөлді оған деген сұраныс атқаарады.
  • Жерге деген сұраныс – бұл белгілі бір мақсаттарда жер
  •  
  • учаскелерін уақытша жалға алып пайдалануды немесе оны сатып алуды білдіретін қатынастар. Жерге сұраныс біркелкі болмайды, себебі ол ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылықтық емес сұраныстар болып бөлінеді. Алдымен, жерге сұраныс ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұраныстан туындайды. Ал ауылшаруашылықтық емес сұраныс тұрғын үйлерді, инфрақұрылым нысандарын, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін қажетті сұраныстармен байланысты.
  • Жердің ұсынысы – бұл жер учаскесін оның қалыпты күйінде нарықтық қатынастар тұрғысынан сата алуын және немесе жалға беруін білдіретін қатынастар. Жердің ұсынысын мынадай екі негізгі фактор анықтайды:
  • 178
  • Жердің құнарлылығы;
  •  
  • Жер учаскесінің нарыққа алыс немесе жақын орналасуы.
  •  
  • Жер нарығындағы тепе-теңдікті оны бағасы – жер рентасы
  •  
  • анықтайды. Жерге деген сұраныс көлемі рентаның мөлшеріне байланысты және оның қисығы кемімелі, теріс көлбеулі болып келеді. Ал жердің ұсынысы шектеулі және өте икемсіз болғандықтан, оның қисығы тік сызық түрінде болады. Жердің ұсынысына байланысты жердің бағасы өскенде оның көлемін арттыру немесе оның бағасы төмендегенде көлемін қысқарту мүмкін болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет