Аймақтар (ареалдар) тәсілі. Мөлшерлі көрсеткіштерін есепке алмай отырып аса маңызды аумақта таралған құбылыстың кеңестікті орналасуын картада көрсету үшін аймақтар (ареалдар) және сапалық көрініс тәсілдерін қолданады.
Аймақтық тәсілдің мәні, картаға түсірілетін құбылыс таралған аумақты, картада бейнеленген барлық аумақтан ерекше белгісімен ажыратуы. Мұндай тәсілмен әдетте, өсімдіктер мен жаунарлардың таралу ареалдары, ағынсыз облыстар, теңіздегі жүзіп жүретін мұздар таралу аудандары, пайдалы қазба байлықтары таралған аудандар т.с.с.
Белгілі бір құбылыстың ареалдарын кейбір жағдайда картада сызықтың белгілі бір суретімен және түсімен көрсетеді. Басқа бір жағдайда карта бетіндегі ажыратылған ареалды бояумен немесе штрих сызықтарымен көрсетеді. Кейбір жағдайда, құбылыстың таралу шекарасы анық емес болғанда ареалды құбылыстың атымен белгілейді, мысалы мақташылық,ауданы бойынша кіші ареалдарды, шекарасын көрсетпей геометриялық, өнер немесе әріптік белгілерімен құбылыс таралған ареалды толтырады.
Жануарлар, өсімдіктер түрлерінің т.с.с. құбылыстардың таралу ареалдары әр түрлі, олардың арасындағы өзара қатынастары әр түрлі болуы мүмкін, яғни ареалдар бір-бірінен қашықтықта болады, немесе бір-бірімен жанасып және бір-бірін жабып тұрады. Мұндай жағдайда картаның бір аумағы екі және одан да көп ареалдар құрамында орналасуы мүмкін.
Құбылыстың таралуын ареалдар тәсілімен көрсету кейбір жағдайда нақтылыққа сәйкес емес, мысалы, ботаникалық карталарда сексеуілдің таралу аймағы Қазақстанның шөл аудандарына сәйкес келеді. Дегенмен, сексеуіл барлық шөлдерде жаппай тараған жоқ.
Аймақтық тәслдің бір түрі мөлшерлі ареал, мұндай тәсілде құбылыс таралған аймақтың шекарасын көрсетпейді, себебі барлық жерде таралған, бірақ аумақта бұл құбылыстың белгілі бір сандық көрсеткішпен сипатталатын жерді шектейді. Мысалы, Еуропалық Ресейдің негізгі өзендерін көлік мақсатында қолданады, берілген картада ажыратылған өзен алаптарында жүктің 30 % астамы өзен көлігімен тасмалданады, ал одан тыс аймақтарда 30 % дейін (за пределами выделенной территории грузы перевозят по рекам, но относительное значение этих перевозок составляет менее 30 %).