Лекция жоспары: картографиялық жалпыластыру. Тақырыптық карталардың ерекшеліктері


Сапалық көрініс (качественного фона) тәсілі



бет6/9
Дата19.11.2022
өлшемі2,06 Mb.
#51185
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лек № 10 Бейнелеу тәсілдері-4

Сапалық көрініс (качественного фона) тәсілі. Сапалық көрініс тәсілінің мәні, картада бейнеленген аумақ толығымен бөлінген бөліктердің сапалы айырмашылықтарын көрсетуден тұрады. Бөлінуді көрсетілетін құбылыстың қабылданған жіктелуінің негізіндегі белгі бойынша жүргізеді. Мұндай белгі ретінде, мысалы топырақтың түрі немесе аумақтың басқа бір табиғи ерекшелігі, ауыл шаруашылығының мамандануы болу мүмкін т.с.с.
Картаның әр бір ажыратылған учаскесінің шекарасы болады және өзінің түсімен боялады (штриховкамен немесе сәйкес белгілермен). Ажыратылған учаскелер саны көп болып және олардың арасында типологиялық қайталанатын учаскелер кездескен жағдайда сапалық көрініс бояумен қатар картаның легендасына сәйкес сандық немесе әріптік индекстерді қолданады.
Сапалық көрініс тәсілімен территорияның белгілі бір белгісі бойынша аудандастыруын көрсетуге болады. Мысалы, өзендер аудандастыру картасында өзендердің қоректену бойынша облыстарды ажыратуға болады. Кейбір жағдайда мұндай тәсілмен синтетикалық карталарды, мысалы, климаттық, табиғат зоналарының картасы, саяси, саяси-әкімшілік карталарын көрсетуге болады.
Сапалық көрініс тәсілін пайдаланғанда бейнеленген территория толығымен бөліктерге бөлінеді, яғни ажыратылған контурлар бір-бірін жаппайды және арасында ашық кеңістік болмайды.
Қажет болған жағдайда сапалық көрініс тәсілімен территорияны екі әр түрлі белгі бойынша аудандастыруды көрсетуге болады. Бір көрсеткіш бойынша аудандастыру торы екінші белгі бойынша аудандастыру торының үстінен түседі. Бір бірінен ажырату үшін, бірінші аудандар торын көріністік (фоновая окраска) бояумен, ал екінші аудандар торын штриховкамен ажыратады.



Нүктелік тәсілі. Нүктелік тәсіл карта бетінде кішкене диаметрдегі шеңберлер түрінде болады, мұны құбылыс немесе объект орналасқан жерде орнатады. Әр бір нүктеге құбылыстың көлемін көрсететін бірліктерде сандық мәні немесе «салмағы» болады. Картадағы бір нүкте 1000 адамның белгісі, немесе егістік көлемінің белгілі бір шамасы, мысалы, 100 гектар т.с.с.
Нүктелік тәсілімен ареалдар тәсілі сияқты үлкен территорияда таралған құбылыстарды бейнелейді. Кейбір жағдайда нүктелік тәсілімен құбылыстың территория бойынша тұтас емес таралғанын көрсетеді. Мысалы, ауыл шаруашылық дақылдың егілген аудандардын. Әдетте, нүктелік тәсілімен түрғындар санын және олардың орналасуын, егістіктің орналасуы мен оның мөлшерін т.с.с.
Карта бетінде нүктелерді екі тәсілмен орналастырады: статистикалық және географиялық. Статистикалық тәсіл бойынша құбылыс немес объект таралған шектелген ауданда, мысалы, әкімшілік ауданында, ауыл округінде, мемлекетте, нүктелер шектелген аудан бойынша бірқалыпты (равномерно) орналастырылады. Мұндай жағдайда карта бойынша құбылыстың нақты орналасқандығын анықтау қиын болады. Мұндай карталар бойынша құбылыс таралған шектелген аудандарды салыстыруға болады. Географиялық тәсілді қоланғанда нүктелерді құбылыс таралған аудандарда ғана қояды.
Әдетте, нүктелік тәсілді құбылыстың абсолюттік мөлшерін көрсету үшін қолданады, бірақ нүктелік тәсілімен салыстырмалы көрсеткіштерді де көрсетуге болады, мұны пайыздық-нүктелік тәсіл деп атайды. Мұндай картада барлығы 100 нүкте болады, яғни құбылыс орналасуына сәйкес болады.
Нүктлік тәсілмен құбылыстың құрылымын көрсетуге болады. Мысалы, ҚСРО атласының техникалық дақылдар картасында мақта қызыл түсті нүктелермен, ал зығыр (лен-долгунец) жасыл түсті нүктелермен көрсеткен. Нүктелік тәсілімен және құбылыстың уақыт бойы дамуын көрсетуге болады. Мысалы, қызыл түсті нүктелермен егістіктің 20 жыл бұрын алып жатқан ауданды, ал басқа түсті нүктелермен осы егістіктің бүгінгі жағдайын көрсетеді.


Картографиялаудың нүктелік тәсілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет