1— метацентрлік (екі бөлігі бірдей); 2—субметацентрлік; 3— акроцентрлік (екі белігі мүлде бірдей емес); 4— телоцентрлік (екінші бөлігі ;қоқ) хромосома; 5— екінщі тартылыстіл дентрлік хромосома; б— спутникті хромосома. Ашық түсті дөңгелектер арұқылы центромера көрсетілген.
Фрагментцентромерасымен басқа хромосомаға байланысса ғана сақталады.
Алайда таякша тәріздес хромосомалар да белгілі, ұршық жіпшелері оның бүкіл денесінің ұзына бойына жалғасады. Мұндай хромосомалардың диффузды центромерасы болады. Мұндай жағдайда бөлек қалған хромосома фрагменттері анафазаға бір қалыпты ажырауы мүмкін. Бүл құбылыстың та-биғаты әлі жете зерттелмеген. Хромосомалардын, морфологиясы ғана емес, үлкендігі де әр түрлі. Олардың ұзындығы 0,2—50 мкм аралығында; диаметрі 0,2—5 мкм (немесе 20—50 нм). Алайда белгілі бір хромосоманын, ұзындығы біршама түрақты.
Жіктеп бояуға мүмкіндік беретін хромосоманы бояудың жаңа әдістерін
қолдану, яғни хромосоманың боялған және боялмаған бөліктерінің заңды кезектесуін — диаметрі әр түрлі дискілерін анықтау, әр хромосомаға дәл сипаттама беруге яғни хромосоманың жеке-даралығын анықтауға мүмкіндік берді (3-сурет).
Сонымен әр клеткада хромосомалардың формасын, үлкендігін және жіктеліп боялуын қарастырған кезде олардың бәрін өзара ұқсатуға болады. Ал зерттеп білуді жеңілдету үшін, әр-қайсысын ажыратып нөмірлеу керек. Мысалы, адам хромосома-лары (28-тарауды қараңыз) және бірқатар басқа организм хромосовдалары осылай істелген.
Хромосомалардың құрылымы. Бөлінетін клеткалардағы хро-мосомалардың құрылымы профазада көріне бастайды. Жоғарыда айтылғандай, алғашқы профазада хромосомалар қосарланған жіңішке жіп (сіңлілі хроматидтер.) тәріздес болады. Метафаза стадиясында хромосомалардың 4 жіпшеден тұратыны кейде жарық микроскопынан кәрінеді, олар жартыхроматидтер деп аталады. Жартыхроматидтер хромосома қүрылымындағы ең қарапайым ұсақ бөлік емес екені электрондық микроскоп кемегімен анықталды. Әр хромосоманың өзі хромонема деп аталатын кептеген жіпшелерден құралады деген гипотеза айтылып жүр. Рентгеноструктуралық анализ мәліметтері бойынша ең жіңішке жіпшенің диаметрі 3 ым шамасындай болады. Хромосоманың кептеген жіпшелерден қүұралған құрылымы 4-суреттен жақсы көрінеді. Осы модельге сәйкес хромосомадағы жіпшелердің жалпы саны 64.