Тағам көмірсуларының ролі: 1) энергиялық;
2) пластикалық;
3) құрылымдық;
4) қор жинау;
5) сигналдық (рецептор, кейбір гормондар);
6) қорғаныштық (антигендік қасиетті қамтамасыз етуі).
Көмірсулар алмасуы 4 сатыдан тұрады: І сатысы. Қорытылуы. Бұл сатысы сәйкес гликозидаза-лардың қатысуымен ас қорыту жолдарында жүзеге асады (“Гидролазалар” лекциясын қараңыз).
2 сатысы.Сіңірілуі.
Моносахаридтер ащы ішек эпителийінің микробүрлері арқылы әр түрлі жылдамдықпен сіңіріледі:
галактоза > глюкоза > фруктоза > пентозалар
Моносахаридтер ішекке сіңірілгеннен кейін қақпа венасының қаны арқылы алдымен бауырға түседі. Ішектен бауырға түскен моносахаридтер метаболизмге ұшырап, бауырда глюкозаға айналуы мүмкін. Сондықтан ҮҚШ-де тек глюкоза болады.
Қандағы глюкоза мөлшері
3,4-6,1 мМоль/л Глюкозаны келесі тіндер көп пайдаланады: 1) ми, жүйке тіні үшін глюкоза – негізгі энергия көзі,
2) бұлшық ет (жиырылуға қажет энергияны өндіру үшін),
3) ішек қабырғасы (гидролиз өнімдерінің сіңірілуі үшін),
4) бүйрек (зәр түзілуі үшін энергия),
5) бүйрекүсті бездері (гормондардың синтезі үшін энергия қажет).