Бақылау кезінде маңызды қылмыс белгілерін анықтау:
Криминалды сөздер: Криминалды жаргонмен сөйлеу. Жаргон – шартты тiл. Негiзгi функциясы - айналадағы адамдарға берiлген ақпараттың мәнiн білдірмеу үшiн қолданылады. Қазiргi кездегi криминалды жаргон жан - жақты қолданумен сипатталады, оның элементтерi қылмыскерлер арасында ғана емес, сонымен қатар құқық қорғаушы мекемелердегi жұмысшылар арасында, депутаттар арасында да кездеседi.
Тату. Егер осы таңбаларды иесінің денесінде орналасуына мән беретін болсақ, олардан кейбір биографиялық мәліметтерді алуға болады. Салыңған тату мағыналық сипатқа ие болады. Таңба салудың түрткі болатын мотивтерінің бірі ретінде мыналарды айтуға болады:
- бостандығынан айырылған қылмыскерлерді өз ортасына қабылдау заңдылығы;
Кейде таңба көмегімен қылмысты әшекерлеу кездері де болған. Таңбаның - қару, қарта, стакан (рюмка), шприц деген композициялары екі түрлі мағына береді: бірінші – «жеңіл, көңілді өмірге құмарлық» болса, екіншісі – «бізді құртқан осылар» дегенді білдіреді. Мысық тұмсығы, ұрының сақтығын білдіреді. Иықтағы раушан гүлдің мағынасы: иесі, кәмелеттік жасқа колонияда толған. Бұл таңбалар мағыналары болған оқиға негізінде алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |