Психологиялық бақылау - ерекше психологиялық әрекет. Оның маңыздылығы - кең ашықтық және жедел оперативтілікте көрінеді (адам жайлы және оның психология жайында жедел түрде ақпарат алу мүмкіндігі). Психологиялық бақылау арнайы психологиялық тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады. Оны жүргізу үшін-арнайы психологиялық білімдер қажет және жоғары психологиялық сезімталдық (адам психологиясының сыртқы көруінулеріне деген сезімталдық).
Адам психологиялық бақылаудың объектісі ретінде өте күрделі болып табылады. Барлық әрекеттер психологиялық ақпарат береді-оның жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, жест пен мимикасы, (қолдың, аяқтың, көздің қозғалысы). Бұнын барлығы адам психологиясының сыртқы көруінулерінің белгісі болып табылады. (1 сурет).
Сурет. 1 Адам психологиясын бақылаудың негізгі белгілері
Психологиялық бақылау көмегімен психолог-сарапшы психологиялық зерттеленушінің портреттін құрастырады.
Сырт келбеті бойынша, мимика, пантомимика, қызметі бойынша, айтқан сөздері бойынша:
• Айтқан сөздердің мазмұны бойынша Оның көзқарастар, сенімдер, мақсаттар, жоспарлар, себептер, қажеттіктер, құндылық бағыттарына қарап баға беру керек;
• Сөздік қоры бойынша, сөйлемді құру ерекшелігіне, ойларын жеткізу қабілетіне, қойылған сұрақтарға жауап беруіне, оның білім деңгейін анықтау, кәсіби бағдарын анықтау, мәдениеті, ақыл-ойдың дамуы, тапқырлығы, заңға сүйенген мәліметтілікке, ерекшеліктерге және т.б;
• зерттеленушінің жалпы білім деңгейі жайлы, темперамент типін, мінез-құлық ерекшеліктерін және т.б көрсеткіштерін аңықтайды;
• Мимикасы бойынша және экспрессивтік сөз (жалған ақпарат беру), интонациялар, жестикуляция, сөздің айқындылығы бойынша, адамның темперамент типін анықтау, эмоционалдық тұрақтылығын анықтау, өз-өзінді ұстай алуы, ерік-жігердің күші, мәдениеттілігі мен оның бас құндылықтардың жүйесін анықтаға жол береді.
Достарыңызбен бөлісу: |