Психологиялық коррекция — тұлғаның толық дамуына бағытталған психологиялық әсер-ету процесі болып табылады.
«Тұлғаның дамуы» термині (тұлғалық өсу) әлеуметтік маңызды сапалардың қалыптасуын белгілейді және тұлғаның дамуына кедергі жасайтын психологиялық жағдайларды жояды.
Сонымен «психокоррекция» және «тұлғаның дамуы» пациентке әсер ету және психологиялық көмек көрсету мақсатымен келесі әрекетке ие болады: психикалық бұзылыстарды жою; мінез акцентуацияларын коррекциялау, кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерді дамыту (тұлғаның потенциалын дамыту).
Тұлғаның ішкі әлеміне психологиялық әсер ету ерекшеліктері теориялық позициямен анықталады. Бұл позицияны практикалық психолог таңдайды. Қазіргі таңда келесі теориялық ықпалдар қолданылады-психоаналитикалық (глубинная психология негізінде қалыптасты); мінез-құлықтық (үйрену трненингі және мінез-құлықты модификациялау бағдарламалары); гипносуггестия және өзін-өзі сендіру (аутотренинг); нейролингвистикалық бағдарламалау; гештальттерапия; экзистенционалдық-гуманисттік ықпал және клиент- терапия.
Психокоррекциялық жұмыстың эффективтілігі клиенттің қойылған проблемаға байланысты психологиялық көмек көрсету мақсатымен дұрыс адекватты әдістерді таңдау болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |