Лекция кешені тақырып 1 Психологиялық диагностика заң тәжірибесінде психологтің функциясы ретінде



бет25/38
Дата07.01.2022
өлшемі390 Kb.
#19194
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Байланысты:
35316036025 лекция

Вильгельм Райх (1897-1957) дене психотерапиясының негізін салушы деп есептеледі, хатха-йога мен басқа да шығыс әдістерді есептемегенде, ол өзінің жұмысын «үшінші» толқынды психоаналитик ретінде бастады. Райх оргонды энергия туралы айтқан, ол денеде еркін қозғалады, сау ағза мен психиканың негізгі функциясы болып табылады. Оргонды энергия бүкіл космостан өтіп, тірі ағзаларда ең бірінші ауамен демалған кезде жиналады. Дем (оның шәкірті А. Лоуэн жазғандай) дененің қозғыш жағдайына тікелей байланысты. Біз тыныш және босаңсыған күйде болғанда, біздің деміміз еркін және тыныш болады. Күшті эмоционалды жағдайда денеден жылам және екіпнді болады. Қорқу күйінде болағнда, біз қатты және демді тоқтатып демаламыз. Қысым күйінде болғанда дем үстірт болады. Кері пікірде орынды: терең дем алу денені тыныштандырады. Терең демалу дегеніміз – терең сезіну. Бұл энергияны жинау үшін және адамды сауықтыру үшін Райх оргонды аккумуляторды ойлап тапты. Оргонды аккумуляторды жәшік түрінде болады, ол бірнеше қабат ағаштан, металлдардан, арнайы құбырлардан тұрады. Олар қазіргі кезде де АҚШ-та, Германияда жасалынады. Райх бойынша оргонды энергия омыртқа бойымен жоғары-төмен, орталықтан периферияға қарай және кері ағады. Жағымсыз уайымдардан қорғанысы болып табылатын оргонды эенргияның денеден еркін өтуін бөгейтін бекіген бұлшықет қысымы белгілі бір тұлғаның невротикалық згерістерге әкеледі. Бұл бекіген бұлшықет бөгеулер «бұлшықеттің қабатын» немесе «мінез қабатын» құрады. Адамның мінезі бұлшықет қысымына сәйкес келеді, бұл оның денесінде болады және қоршаған ортаға өзіне тән стереотипті реакцияларды анықтайды.

Адам бұлшықет қорғаныс қыртысымен шектелген кезде, ол қабіеттілікті және шынайылылықты жоғалтады, оның қоршаған ортаға реакциясы шаблонды және механикалық бола бастайды, ол терең және шынайы сезіну, өзінің сезімдерін ашық білдіру, біреуге шынайы жақындық сезімін бастан кешу, өмірден және сексуалды қатынастан ляззат алу қабілеттерін жоғалтады. Ол өзінің бұлшықет қыртысының құлына айналады, және оның өмірі әр түрлі қорқыныш сезімдеріне тола бастайды.

Райх бұлшықет қабатын жеті сегментке бөледі, олар көз, ауыз, мойын, кеуде, диафрагма, іш, бөксе аймағында орналасқан. Олардың әрқайсысы белгілі бір сезімдер мен іс-әрекеттерді бөгейді немесе басып тастайды. Мысалы, көз аймағында қорқыныш, ашу сезімдері, жас т.с.с. бөгеу, қатты қысымдар кезінде маңдай жансыз қозғалыссыз болады.

Құқық қорғау органдарында осы техниканы пайдалануы тиімді техниканың бірі болып табылады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жиі стресстік жағдайларға ұшырайды. Үнемі қысымда жүру адамның әр-түрлі психосоматикалық аурулардың пайда болуына әкеп соғады. Психологтар арнайы релаксациондық кабинеттерде осы техниканы кең пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет