Лекция кешені тақырып 1 Психологиялық диагностика заң тәжірибесінде психологтің функциясы ретінде


Тақырып 14 Заң тәжірибесінде мәселелі-бейімделу психотерапия



бет37/38
Дата07.01.2022
өлшемі390 Kb.
#19194
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
35316036025 лекция

Тақырып 14 Заң тәжірибесінде мәселелі-бейімделу психотерапия.
80 жж. басында Берн университетінен шыққан швейцария психотерапевттері Блазер, Хайм, Рингер, Томмен (Blaser A., Heim E., Ringer Ch., Thommen M.) әзірлеген мәселелі – бейімделу психотерапиясы психотерапияның жеке қысқа мерзімді интегративтік әдісін сипаттайды. Оған включающий элементы психологиялық талдау, когнитивтік-мінез-құлық психотерапиясы, гештальт-терапия және дене-бейімделу психотерапия элементтері кіреді. Бұл әдіс неғұрлым көп науқастарға көмек көрсете алатын белсенді, құрылымдық және құны жағынан қымбат емес психотерапияға деген қажеттіліктің өсуінен Маланның (Malan D. Н.) және Манның (Mann J.) қысқа мерзімді психодинамикалық психотерапиясы негізінде дамыды. Авторлар жаңа мектеп негізінің қалануын талап етпейді.

Олар психотерапиялық тәжірибенің негізгі құрайтын элементтеріне және прагматикалық және шаблондық емес оның даму барысында туындайтын шешімдер мүмкіндіктеріне назар аударды. Психотерапияның нақты проблеманы шешетін айқын бағыттылық сияқты айрықша емес факторының маңыздылығы атап көрсетіледі. Сондықтан психотерапияның осы әдісінің мақсаты науқастың өз мәселелерін шешудегі қабілеттерін жақсарту. Ол оған психотерапия соңында өзіне-өзі психотерапевт болуға көмектеседі.

Мәселелі – бейімделу психотерапиясының негізгі принциптері келесідей:

1) мәселеге деген бағыттылық;

2) науқасқа деген бағыттылық;

3) әдістер плюрализмі;

4) құрылымдылық.

Мәселеге деген бағыттылық. Авторлар мәселені науқастың бейімделу мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар көптігі деп түсіндіреді. Белгілер мәселенің бір аспектісі ретінде ғана сипатталады. Мәселеге бағыттылық дегеніміз психотерапия мақсаты белгілерді ғана емес, сонымен қатар оның артындағы мәселені де жоюды білдереді. Әдетте науқастар өмірлеріндегі көптеген қиындықтарға шағымданып келеді. Мәселелі көзқараста психотерапевт науқаспен бірге шектеулі уақыт ішінде шешілетін немесе оны шешу үшін стратегия әзірленетін, шешуі кейін болатын басты мәселені анықтайды.

Науқасқа деген бағыттылық. Бұл қағида психотерапиялық жұмыс ең алдымен науқастың мәселесі сипатына, оның мәселені ұғынуын, оның психотерапия мақсатын түсінетініне байланысты құрылатынын білдіреді. Писхотерапевт науқаспен ұсынылатын түсіндіру үлгісіне жете ойланып, онымен бірге талдап, содан кейін мәселенің анықтамасын, оны шешудің нақты стратегия мамұнын ұсыну керек. Писхотерапиялық үдеріс науқас үшін «анық» болғаны маңызды.

Әдістемелік плюрализм қағидасы көптеген психотерапиялық әдістерге қатысты ретсіз қатынасын емес, ол олардың жеке мәселелерді шешу үшін дифференциальды қолдануды білдереді. Психотерапевт өз жұмысында психотерпиялық бағытың кез келген теориясын басшылыққа алмайды, ең алдымен тәжірибелік міндетті шешеді: қысқа мерзімді психотерапияға берілетін қысқа уақыт ішінде науқаспен бірге қабылданған психотерпияның реалистік мақсаттарға сәйкес өзгерістерге қаншалықты жақсы жету керек.

Құрылымдылық қағидасы сыртқы, сонымен қатар психотерпия үдерісінің ішкі аспектілерінде айқындалады. Сыртқы құрылымдылық уақыт шегімен байланысты, психотерапия 15-20 минут сессияларымен шектелген, аптасына 1 рет, ұзақтығы 25-тен 50 минутқа дейін жасасқан шартқа сәйкес болады. Ішкі құрылымдылыққа негізгі құрайтын немесе психотерпия үдерісінің сатылары кіреді: 1) психотерапевт—науқас қатынасы, 2) науқастың мәселесін түсіну, 3) мәселені талдау, 4) мәселені анықтау, 5) мәселені өңдеу, 6) психотерапияның аяқталуы.

Психотерапиялық үдеріске үлгілік сатылық жоспар түріндегі белгілі құрылымды белгілеу психотерапевтке өз әрекеттерінде бейімделуге көмектеседі, және тәжірибеде психотерапиялық үдеріс әртүрлі болса да, нақты өзгерістерді жүзеге асыруға жеткілікті уақыт қалғаны үшін және психотерпияны уақытнда аяқтау үішн психотерапия курсының ортасында 5-ші сатыға жету керек (мәселені өңдеу). Төмен психотерпияның жеке сатыларының қысқа сипаттамасы беріледі.

1-ші саты — тұрақты өзара қатынастарды және науқас пен психотерапевт арасында құрылымдық жұмыс қатынастарды құру. Қатынастардың (сапа) бінеше деңгейлері бар. Қатынас сапасының бірініші көрсеткіші — дағдылы (қалыпты) өзара қатынастар, рөльдік ойынна тәуелсіз еркін, олар қысқа мерзімді, спорадикалық және сыртқы әсерсіз болады, әдетте психотерапияның басында және аяғында. Қатынас сапасының екініші көрсеткіші «Гринсон бойынша жұмыс одағы» деп аталды. Бұл рациональдық басымдығы бар қатынастар психотерапиялық шартпен, басқа сөзбен айтқанда, науқас және психотерапевт ойнайтын рөльдермен анықталады. Қатынастың үшінші деңгейі – «мәселелер деңгейі», оны әдетте ауыстыру және контрауыстырумен байланыстырады.

Қатынастардың психоаналитикалық тұжырымдамасы (ауыстыру—контрауыстыру) осы терапияда сәл өзгерген күйінде сипатталады. Науқас мәселесінің бөлігі оның өткен тәжірибесі психотерапевтқа әсер етіп, және ол иррациональды, анахроникалық және танылмайтын реакцияларда (ауыстыру) айқындалатынында болады. Осы реакцияларды түсіндіру шектеулі көлемде қолданылады. Одан басқа авторлар психотерапевт реакцияларын осы деңгейде контрауыстыру ретінде қарастырудан бас тартады. Бұл психотерапевттің рефлексияға тартуға талпынуы мүмкін сезімдер болар. Төртінші деңгей — «жағдайлардың тоғысу деңгейі». Бұл деңгейде қатынастар психотерапевтке науқас және оның ауыстыруымен мәселе болып табылатын нәрселерді байланыстыратын жағдайлар орын алады. «Жағдайлардың тоғысу деңгейінде» психотерапевттің өткен тәжірибесі психотерапевтке кедергі болады. «Контрауыстыру» термині тек осы мағынада ғана қолданады.

2-ші саты — науқас мәселе туралы өз ойларын баяндайды. «Сырқаттың субъектілік теориясы» ұғымы ұсынылады. Терапияның орталық элементтерінің бірі, әсіресе олар оның мәселелі жағдайымен байланысты болса, науқастың теориялық тұжырымдамаларына назар салу болып табылады. Психотерапиялық араласу науқаспен жасалған құрылымға енгенде ғана тиімді екендігі атап көрсетіледі. «Сырқаттың субъектілік теориясы» ішкі байланыстарын түсіну маңызды, себебі дәл соларда оны тежейтін және жүзеге асырмайтын нағыз мәселе жатады.

3-ші саты — мәселенің талдауы. Мәселені талдауды келесі схема бойынша жасау ұсынылыды:

1) қазіргі уақыттағы жағдайлар (актуальды тудыратын жағдайға, емделуші және оның айналасындағылар мәселесінің салдарына көңіл аударылады);

2) емделуші өмірінің тарихы. Бұл мәселе талдауының бөлігі көбінесе емделуші мәселесінің бірінші көрінуіне сәйкес өмір кезеңіне, сонымен қатар одан кейінгі басталған кезеңге бағытталған;

3) қызметтік мәні. Мәселенің мәні деген сұраққа жауапты өзара ішкі жеке кикілжіңдер саласына ену талпынысында емес, нақты, айқын жеке ққатынастарда осында және қазір, серіктестік байланыстарда, отбасыда, жұмыста іздеу керек.

4-ші саты — мәселені анықтау, мақсатты қою және психотерапияны жоспарлау. Емделушінің пікірлері мен сырқаттың себебін түсіндіруге негізделетін мәселенің анықтамасы жалпыға түсінікті тілмен құрылуы керек. Бұл жерде танылмайтын үдерістерге ғана көңіл аударылатын күрделі психодинамикалық болжалдар болмауы тиіс. Психотерапияның мақсаты айқын, жедел, яғни барлық қажетті әрекеттерге нұсқаулары бар және 15-20 психотерапиялық сессиялы шегі есебімен реалистік болу керек. Күмәндану жағдайында табысқа қол жеткізу үшін мақсатты сәл төмендету керек. Психотерапияны жоспарлау мен стратегия жүзеге асуын таңдау кезінде прагматикалық ойларды басшылыққа алу керек. Терапияның негізгі тұжырымдамасына сәйкес әртүрлі әдістемелік көзқарастарды аралас қолдануға қарсы ешқандай қарсылық жоқ (мысалы, психодинамикалық және бір мезгілде когнитивтік-мінез-құлық әдістер).

5-ші саты — мәселені өңдеу және алынған өзгерістерді психотерапия шегінен тыс шындық өмірге ауыстыру.

Мәселемен жұмыс жасаған кезде психотерапияның бір немесе бірнеше әдістер қолданылады. Сонымен бірге екі беталысты ұстану керек:

1) психотерапия проблематикасының кейеюі, онда қайта туындайтын маңызды мәселелер талқыланады;

2) емделушінің басты мәселені талқылаудан қашу. Жұмыстың басты мақсаты — емделуші мәселесінің сондай түсінігіне жету және психотерапия аяқталған соң қиындықтармен одан жақсы тойтарыс беріп, өз мәселелерімен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жеңудің стратегияларын игеру.

6-ші саты — психотерапияның аяқталуы. Психотерапия курсының аяқталуы мен емелуші мен спихотерапевттің қоштасуы соңғы үш-төрт сессияның басты тақырыбы болады. Егер емделушінің мәселесі саналы және ашық өңделсе, онда ол оған үлгі болатын психотерапевт мінезіне бейімделеді.

Мәселелі-бейімделу психотерапиясы үшін танылатын себептермен туған барлық бұзулар көрсетілген. Онда ашық айқын бұзулар туралы сөз етіледі. Ең алдымен оған егер олар антикризистік шаралармен жойылмайтын болса, өткір торығу, қорқыныш жағдайы, үрей, ауыр жүктемелерге деген өткір реакциялар, есірікті және қызметтік психосоматикалық бұзылулар, сондай-ақ «жүйке күйзелісі» жатады. Бұл терапияның түрі адамның маңызды нәрсеге қол жеткізе алмауы, өзіндік мәнділік сезімінің жоқтығы, асқан конфоризм, өз мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін тани алмайтындық тәрізді «мінез-құлық кемшілігінде» сипатталатын бірқатар бұзулар жағдайында көрсетілген. Мәселені анықтау – әдістер таңдауына қатысты барлық ойлардың басталу нүктесі.

Оның негізінде психотерапия стратегиясы әзірленеді – психотерапиялық мақсатқа жету үшін бір немесе бірнеше әдістерді қолдануды анықтайтын басқарушы желі болып табылады. Психотерапиялық әдістердің қолайлы эклектикалық таңдауында оның емделушімен түсінігі, емделушінің жеке тұлғасы мен мүмкіндіктері, психотерапевттің жеке тұлғасы мен мүмкіндіктері, психотерапевтке берілетін уақыт көлемі сияқты факторларға назар аударылады.

Мәселелі-бейімделу психотерапияда жүзеге асатын әдістердің плюрализм қағидасы келесіні тұжырымдайды:

1) сананың қарқындылығы;

2) ойлау мен мақсат шаблондарының өзгеруі;

3) мәселені шешу;

4) мінез-құлықтың өзгеруі;

5) күйзелістің белсенділігі;

6) емделушінің өз денесін қабылдауды жеңілдету және босаңсу;

7) қолдау;

8) жүйелік өзгерістер.

Егер психотерапевт таңдаған стратегияда сананың белсенділігі әдісін қолдану ұсынылса, терпия шегінде ең алдымен түйсіктермен байланысты аспектілерді түсіну емес, қарым-қатынастағы танылмайтын кикілжіндерді анықтау, әлеуметтік мотивтер туралы немесе қатынастар кестесін түсіндіру туралы сөз етіледі. Сондықтан объектілік қатынастардың жаңа пайымдауы түріндегі психоаналитикалық тұжырымдамалар мәселелі-бейімделу психотерапияда талдау барысында және мәселені анықтауда қолданылады. Сананы қарқындатуда белгілі психодинамикалық фокусы, конфронтация, болжал түріндегі түсіндіру, сыртқы әсерсіз ауыстыру (ауыстыру жүйке төзуы қөзбайды), түс көрулермен (ең алдымен ашық айқын түстердің мазмұнымен), жұмыс жасау, шынайы және фантазиялары бар түстерді таңдауы қолданылады.

Терапияның бұл түрінде мәселелерді шешу үшін қолданылатын ойлау мен мақсаттардың үйреншікті кестелері өзгеруінің когнитивтік әдістеріне көңіл бөлінеді. Ақпаратты беруден басқа тану және ойлаудың кедергі жасайтын кестелер мен сәйкес емес мақсаттардың өзгеру әдістері (аса жалпылау, «барлығы немесе ештеңе» түрі бойынша ойлау, асыра көрсету, таңдаулы қабылдау, эмоциональды ойлау, ерікті және иирациональды шешімдер, кемшіліктерді құндылықтарға қарсы қою, нормативтік ойлау, утопиялық нәтижелер, автоматтық ойлар тәріздес) қолданылады.

Ойлаудың кедергі болатын кестелері мен сәйкес емес ұғымдар саналы когнитивтік үдерістер арқылы өзгертілуі мүмкін. Ол үшін келесі қадамдар жасау керек:

1) ең алдымен автоматтық ойларды тану;

2) вербалдану;

3) талдау (эмпирикалық, логикалық, прагматикалық);

4) өзгерістер.

Мақсаттың өзгеруі кезінде, оны мәселені шешудің жаңа стратегияларын қолданумен тәжірибеде сынауға болады.

Бұл үдерісті логикалық бірізділікте орналасқан қадамдарға бөлу керек:

1) «мәселе шешілуі мүмкін» пөзитивтік мақсатты жасау;

2) емделуші мәселесін субъективтік баяндау;

3) мәселенің жүйелік талдауы;

4) мәселені дифференциалды жедел анықтамасы (әдетте мәселенің бұрынғы дыбысталуының нақтылануы, қайта құрылу болады);

5) баламалы шешімдердің бағасыз іздестіруі («бағытталған, ерікті ұқсастықтар» қолдану);

6) баламалардың реалистік бағасы (шынайы мүмкіндіктерді таңдау);

7) шешімді қабылдау және жүзеге асыру;

8) нәтижелерді тексеру.

Әдістемелік плюрализм негізінде емдеу міндеттерін шешу барысында классикалық келісілгендік, операнттық келісілгендік және үлгілеуге негізделген мінез-құлық психотерапиясының әдістері қолданылуы мүмкін. Күйзеліс белсенділігі мен эмоциялар айқындалуы әдістерінің интеграциясы сырқат пен жұмыс істейтін адамға өз жеке өсуін сезінуге мүмкіндікті ұсынуды мақсат етеді. Жұмсақ әсер ету тәсілдері мәселелі-бейімделу психотерапияның негізгі арсеналына кіреді. Оған эмоциональдық күйзелудің вербалдануы(Роджерс (Rogers С. R.) техникасы), когнитивтік ұқсату, ағымдағы сәйкестендіру жатады. «Жұмсақ» әдістермен қатар гештальт-терапияда әзірленген тәсілдер де қолданылады.

Атап айтқанда, конфронтация әдістері емделушіні неғұрлым анық және «бейнелі» түрде өз сезімдерін (асыра көрсету мен шыдам тәсілдері, өткенді немесе болашақты бүгінгі күнге ауыстыру техникасы, сәйкесетндіру) білдіруге түрткі болады. Мәселелі-бейімделу психотерапияда релаксация мен өз денесін сезінуді жақсартудың 3 әдісін көрсетеді: Джекобсонның ілгері дамитын бұлшық-ет релаксациясы, белсенді тыныс алу арқылы босаңсу, аутогендік жаттығу. Сондай-ақ емделушінің бейімделу мүмкіндіктерін арттырып, оның мәселені шешу жолдарын іздеуге бағытталған мәселелі жағдайды жете түсінуі мен когнитивтік үдерістерді күшейтетін қолдау әдістері де қолданады. Тілектестік, мақұлдау, эмпатия, пайдалы ақпарат қолдау түрлері болып табылады.

Мәселелі-бейімделу психотерапиясы тұжырыдамасының басқа мектептерден тәуелсіздігі, әдіс авторларының пікірі бойынша, бұл тұжырымдаманы әртүрлі бағыттарға қатысты психотерапевттер қолдана алатындай дидактикалық ерекшелігі бар. Әдістердің «ретсіздік» қаупі терапияның құрылымдылығы мен оның айқын көрсеткіштерімен жойылады. Психотерапевт әдістер таңдауында шектелмейді, ал мәселелі-бейімделу психотерапиясы одан өз жұмысындағы әдістер көзқарастарының бірігуін, интеграциясын талап етеді, ал олардың таңдалуы мәселенің өзгешелігіне, сонымен қатар емделушінің келісім мен ерекшелігіне негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет