«Сараптамалық асыра көрсету» — дене, вокалдық және басқа қимылдардың әсірелеу жолымен өзін-өзі тану үдерісінің дамуы — бұл әдетте кез келген мінез-құлыққа тиесілі сезімдерді күшейтеді. Техниканы қолдану ішкі қарым-қатынастың дамуына септігін тигізеді.
«Мен бұған жауаптымын» — психолог бұл тәсілді қолдана отыра, кей сезімдерді білдіру туралы өтінішпен немесе «мен де бұған жауаптымын» дегенді міндетті түрде қосып алу арқылы ой-пікірді білдірумен клиентке өтіне алады.
Сезіну техникасы. Клиенттерді өз дене тілін, өзіндік тынысын, дауыс пен эмоциялардың ерекшелігін сезінуге, сондай-ақ қандай да болсын миға байланған ойларға есеп бере алатындай әрекеттер жасауды сұрайды. Шын өмірдегі сезіну техникасы кей кездері фокальды сезіну деп аталатын шоғырлану техникасы болып табылады. Бұл техника арқылы клиенттер әрбір «қазірді» ойлауға және өзінің әрбір қажеттілігін, сондай-ақ олардың бір салаға қатысты сезімдері мен мінез-құлықтары басқа салаға қатысты сезім мен мінез-құлыққа байланысты екендігін сезінуге үйренеді.