Лекция кешені тақырып 1 Психологиялық диагностика заң тәжірибесінде психологтің функциясы ретінде



бет2/38
Дата07.01.2022
өлшемі390 Kb.
#19194
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
35316036025 лекция

Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.

Заң тәжірибесінде практикалық психологтың іс - әрекетіндегі психодиагностикалық әдістер клиенттің қиын мәселелерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау, тесттер, проективті әдістемелер, рөлдік ойындар қолданылады. Сонымен ұқық қорғау органдарында қызметкерлерді аттестация процесі кезінде олардың қызметтік жарамдылығын аңықтайды.

Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапия арқылы белгілі болған мәселенің нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.

Диагностикалық үрдістер практикалық психологияның әр түрлі бағыттары мен мектептерінде қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше бағытпен шешеді.

Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі варияцияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын сызба – нұсқаны қарастырып көрейік. Сызбада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар.
Негізі бұл термин бір мағынада болмайды. Бұл ұғымның бір анықтамасы тәжірибеде әр түрлі психологиялық құралдарды қолдануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы аумағына жатқызады. Психодиагностика бұл бағытта төмендегі сұрақтарды шешетін ғылым болып табылады:


  1. Психологиялық құбылыстардың табиғаты неде және оған ғылыми баға барудегі принципиалды мүмкіншілік.

  2. Психологиялық құбылыстарға саныдқ баға беру мен оны танудың қазіргі уақыттағы жалпы ғылыми негіздері қандай?

  3. Қазіргі қолданыстағы психодиагностикалық құралдар қаншалықты қабылданған жалпы ғылыми, әдістемелік талаптарға сай?

  4. Психодиагностиканың әр түрлі құралдарына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар?

  5. Психодиагностиканың әдістерінің ғылымилығын тексеру мен құру процедураларының негізі қандай, соның ішінде тесттер?

Психодиагностика терминінің екінші анықтамасы психологиялық диагноз қоюды тәжірибеде көрсететін психолог қызметінің ерекше аймағын білдіреді. Мұнда психодиагностиканы өткізу мен ұйымдастыруға байланысты теориялық та, практикалық та сұрақтар шешіледі.

Ол өзіне мыналарды қосады:



  1. Психологқа психодиагност ретінде қойылатын кәсіби талаптар анықталады?

  2. Өз жұмысын сәтті атқаруға арналған білім, іскерлік, дағдыларды меңгеру.

  3. Практикалық жағдайларды анықтау. Бұл жағдайларды сақтау – психологтың шынымен психодиагнсотиканың бір әдісін кәсіби меңгеретініне кепілдік бере алады.

  4. Психологтың практикалық дайындығына арналған бағдарламаларды, әдістерді, құралдарды жасау, өңдеу.

Теориялық және практикалық сұрақтарды шешудегі бұл үлкен екі Кешен – бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл сферадағы жоғары білікті маман болу үшін, психолог психодиагностика аймағындағы теориялық және практикалық білімдерді меңгеруі тиіс.

Осы аталған ғылыми және практикалық психология аймақтарынан басқа да психодиагностиканың бөлімдерінде қолданылады. Мысалы: медициналық психология, патопсихология, инженерлік психологи, еңбек психологиясы.

Барлық жағдайларда ғылыми және практикалық психодиагностика өзіне тән бірнеше міндеттерді шешеді:


  1. Адамға тәне қандай да бір психологиялық қасиетін немесе іс-әрекет ерекшеліктерін анықтау;

  2. Осы қасиеттің даму деңгейін, оның сандық және сапалық көрсеткіштерде көрінуін анықтау;

  3. Диагностталатын адамның әрекет және психологиялық еркшеліктерін қажет жағдайды суреттеу;

  4. Зерттелетін қасиеттің әр түрлі адамдарда даму деңгейін зерттеу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет