Лекция Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер



бет36/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19055
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Лекция жинағы ҚО және АОТ-1

2. Интернет (Ғаламтор)

Интернет – бұл жер шарының кез келген нүктесінен әртүрлі мәліметтерді алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ғаламдық халықаралық көлік ақпарат магистралі. Сонымен қатар интернет үлестірілген форматтары мен әр түрдегі ақпараттардың үлкен қоймасы болып табылады. Оларға мыналар жатады:

Интернеттің түрлі бөліктері (сегменттері) желілік компьютерлердің көмегімен жалғанады. Хамарламалар желілер тізбегі арқылы жіберіледі, олардың әрқайсысында мәліметтер топтамасының келесі буынға жіберілу бағыты туралы шешім қабылданады. Осылайша топтама арналған жеріне біртіндеп жіберіліп отырады. Мұндай үдеріс бағыттау деп аталады.

Қазіргі кездегі Интернет технологиялары кейінге қалдырылған (офлайн) және интербелсенді (онлайн) режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, кез келген қолжетімді ақпарат көздерімен байланысты қамтамасыз етеді, кәсіби кеңес беру мен оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге және т.б. бағытталған.



Офлайн технологиялары (ағыл. offline) - бұл мәліметтер мен хабарламаларды алмасуда (кейінге қалдырылған шақыру немесе жауап) едәуір синхронды емес жағдайда болатын ақпараттық желілік кеңістіктегі хабарламалардың электрондық коммуникация құралы. Оларға: жіберілімдер тізімі, жаңалықтар топтамасы, веб-формулалар, электрондық пошта және т.б. жатады.

Онлайн технологиялары (ағыл. online) -бұл нақты уақытта синхронды түрде ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін желілік ақпараттық кеңістіктегі хабарламалардың коммуникация құралы. Олар Интернеттегі интербелсенді қызмет түрлерін қамтиды: ISQ, интернет-телефония және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет