Лекция Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер


-LEARNING» ЭЛЕКТРОНДЫ БІЛІМ БЕРУДІ ЕНГІЗУ



бет39/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19055
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Лекция жинағы ҚО және АОТ-1

-LEARNING» ЭЛЕКТРОНДЫ БІЛІМ БЕРУДІ ЕНГІЗУ




«Е-learning –оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін компьютерлік технологияларды құрылымдас мақсатты бағытпен қолдану» және «Е-learning –Интернет және мультимедиа көмегімен электрондық оқыту форматында білім алуға негізделген жаңа білім жобасы» деген тұжырымдамамен бастағым келеді. Білім беруді ақпараттандырудың жаңа кезеңі е-learning – электронды оқытуды енгізумен байланысты. E-learning – білімді дамытудың және көптеген дамыған елдерде экономиканы көтерудің негізгі құралы болып отыр.

Бәсекеге қабілетті болу, әлемдік білім кеңістігіне ену, білім беру процесінде дамыған елдердің стандарттарына ұмтылу -бұл қазіргі таңдағы қоғамның дамуының басты міндеттерінің бірі. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді.

Президент Жолдауында әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне айрықша назар аударды. «Маңызды мемлекеттік бағдарламаның бірі: білім беру, білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет, 2020 жылға қарай білім берудің 12 жылдық үлгісіне толық көшу жүзеге асырылады, 2015 жылға қарай білім беру ұйымдары электронды оқытуды пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90 пайызға дейін артады, сондықтан да сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» –деп атап өтті.

Елімізде білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі – “e-learning” электрондық оқыту жүйесін енгізу. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі – жаңашылдығы. Атап айтсақ, бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған. 2020 жылға дейін еліміздегі мектептердің 90 пайызы электрондық оқыту жүйесіне ауыстырылады деп күтілуде. Оқушылар кез келген білім беретін мәліметті қалаған уақытта алуына қол жеткізбек. Электрондық оқыту жүйесі арқылы ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіріп, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық жағынан сауатты оқушыларды дайындай аламыз. Мұғалімдер мен оқушылар ең үздік әлемдік білім ресурстарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Е-Learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Яғни, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгереді. Мәселен, «мұғалім ақпараттық коммуникациялық техникалармен қаншалықты жұмыс істей алады, ұстаз бен оқушының арасындағы байланыс өзгере ме?» деген сұрақтарға жауап аламыз. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгереді. Электронды оқыту жүйесі ұстаздарға білім берудегі жаңа бағытты үйретеді. Оның үстіне, Қазақстанда электронды оқыту жүйесін енгізу арқылы ЮНЕСКО-ның «барлығына қолжетімді білім беру» және «бүкіл өмір бойына білім алу» сияқты ХХІ ғасырдағы білім беру негізі жүзеге асырылады. Электронды оқыту жүйесі - білім берудің барлық деңгейін қамтитын жалпыжүйелік әдістемені айқындайтын бірден-бір жаңа бағыт. Сондықтан электронды оқыту жүйесінің бүгінгі білім беру саласына берері мол.



Қазіргі таңда E-learning электронды білім беру көп елдердің білім жүйесіне қарқынды еңгізіліп отырған  оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. Қазақстан Республикасында электронды оқыту білім жүйесінің инновациялық дамуының басты бағыттарының бірі болып есептеледі.  Әлемдік тәжірибелердің көрсеткіштері бойынша е-learning жүйесі білім беруді модернизациялаудың басты құралдарының бірі екендігін айқындайды. Электронды білім беру кеңауқымды жобасының жүзеге асуы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ақпараттандыру мақсатына үлкен жол ашпақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет