Лекция Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер



бет20/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19055
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
Лекция жинағы ҚО және АОТ-1

2. Оқулықтың тұтынушыға жеткізілуі

Қолданушыға қандайда болмасын технологиямен дайындалған мультимедиалық оқулық жеткізілуі тиіс. Оқулықты дайындау технологиясы таңдалуымен қатар оның тұтынушыға жеткізілуі де үлкен роль ойнайды. Егер дайын болған оқулық авторы глобалдық желіге арқа сүйей алмаса, яғни оның белгілі ақпараттың ресурстары интернет желісіне жалғана алмаса, және де оқулықтың өзі ойға қонымды белгілі мегабайт көлемінде болса, онда оқулықтың тұтынушыға жеткізілуін лазерлі компакт дискілермен мүмкін болар еді. Егер де оқулықтың сілтемелер жүйесі білім беру сайтына орналасқан болып, ол музейде экскурсия жүргізуші секілді болса, онда мұндай оқулықтың нақты орны интернет болар еді. Жоғарыда айтып өткеніміз бойынша мультимедиалық оқулықтарды тұтынушы қолына жеткізілуі тиіс болды делік және бұл оқулық құралының өзінің пайдаланушысына жетер жолдың 3 түрі бар

болады.

Оқулықтың жеткізілу жолдары:

1. CD (лазерлі диск) диск

2. Интернет сайтында

3. CD және оның Интернет сайтына да байланысы болу.

Қазіргі кезде заман талабына сай түрлі оқулықтар пайда болып, оларды тәжірибеде қолданылып жатыр десек артық айтпаған болар едік. Сонымен оқытушылар мен студенттер электрондық(мультимедиалық) оқулықтарға деген өздерінің ойларын түйіп, оң көзқарастар қалыптастыруда. Оқулықтардың түрлі тиімділігін пайдаланып, бұл күндері сапалы білім беруге деген құлшыныс жоғарылауда. Осылайша электрондық оқулықтарға деген түсініктерді төмендегіше тұжырымдауға болады:

· Көрнекілік материалдардың ұсынылуы(мультимедиалық технология құжаттағы гиперсілтемелер, түсі, дыбыс, бейне т.б.)

· Жылдам әрі тез арада қайта байланыс (құрылған тест тапсырмаларымен сол материалды қалай қабылдағанын бақылау).

· Әрдайым оқулықтың жаңа деректердің шығуымен толықтырылуы (электронды оқулық бір жерде топтастырылады, оған көптеген адамдар жалғануына болады. Егер бір файлды жаңартып немесе қосымша қосылса, онда жаңартылып толықтырылған оқулыққа рұқсаты бар барлық адамдар әп сәтте-ақ оқулықтың толыққанды түрімен қауыша алады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет