3. Веб (Web)-технологиялар
Атақты жүйелердің бірі – Gopher, оның желіде жұмыс жасап отырған түрлі компьютерлердің каталогтар мен файлдар тізімін монитор экраны арқылы қарап шығуға мүмкіндігі бар. Gopher ізденіс идеологиясы негізінде желідегі ақпаратты іздеу мен ұсыну үшін WWW жүйесі пайда болды.
World Wide Web – Интернет пайдаланушыларының арасында кең танылған екінші ресурс. 1983 жылы World Wide Web (WWW – ауқымды әлемдік тор) жасау идеясы ақпарат таратудың қарапайым қалыпты тәуелсіз тәсілдерін іздеу барысында пайда болды. Оның нәтижесінде Web-технологиялар WWW Интернеттің ең көп тараған қосымшасы мен серверіне айналған.
Бұл әлемдік виртуалды «hypermedia» типтес файлдық жүйе – кең көлемді гипермедиалық орта, ол – рұқсат етілген құжаттарды ұсынуға бағытталған орта. 1989 жылы Т.Бернерс-Ли осы жүйені ұсынғанда, ол сервис ретінде пайдалана бастады.
WWW-сервер (http-сервер, HTTP-хаттамасын қолдаушы) – ғаламдық немесе ішкі корпоративтік желінің бөлігі; жалпыға рұқсат етілген компьютерде орналасқан арнайы бағдарламалар және осы серверде орналасқан гипермәтіндік құжаттарға рұқсат етілген ұйымдастырушы құрылғы. Веб-сервердің Интернетте тіркелуі шарт. Веб гипермәтінді қолдану негізінде құрылған. Оның көмегімен веб-сайттарда орналастырылатын веб-беттер жасақталады.
WWW үш құрамдас технологиялардан тұрады:
HTML (Hyper Text Markup Language) – веб-беттерді жасақтау үшін гипермәтінді белгілеу тілі;
HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) – мәліметтерді алу мен жеткізудің желілік хаттамасы;
web-browser клиент бағдарламасы – оқшауланған рұқсат етілген ресурстарға кіріп, сұраныстар бойынша ақпаратты қабылдау, оны түсіндіру және оны компьютер экранына шығаруға арналған бағдарлама
Электронды журнал жүйесі мынандай мүмкіндіктерді құрайды:
- әр сынып үшін сабақ кестесін жариялау;
- оқушының күнделігін енгізу;
- баға қою;
- үлгеріманализі (статистикалық график);
- үйтапсырмаларыныңжазылуы;
- қалдырғанкүндердіжәнеескертулердітіркеу;
- ата-ананыңsmsбайланысы;
- e-mailата-анаменбайланыс;
- мектептерарасындағы, оқушылардыңата-аналарымен
қарым –қатынасқаарналған форум.
Бұл жүйеде ата-аналарға оқушылардың сабақта алған бағаларын, апта бойынша бағаларын, сабақ мерзімін, тақырыбын көре алатын мүмкіндіктері беріледі.
есептілікті және т.б. оқу ісі жөніндегі меңгеруші жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі локальды және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесі немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданылатын компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
Оқу процесін автоматтандыру кезең-кезеңімен енгізіледі:
Бірінші кезең – 2011 - 2015 жылдар;
Екінші кезең – 2016 - 2020 жылдар.
Бұл "E-learning" білім жүйесінің болашағы нақты уақыт режімінде мұғалімдер, оқушылар, әкімшілікпен, ата-аналармен, ұйымдармен ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін байланыс.
Достарыңызбен бөлісу: |