Лекция Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер


Дәріс №11. «E-learning» электронды оқыту жүйесі



бет38/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19055
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Лекция жинағы ҚО және АОТ-1

Дәріс №11. «E-learning» электронды оқыту жүйесі

Жоспар:


1.     Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда педагог мәртебесін арттыру.

2.     Электронды оқыту жүйесін қолға алу.

3.     Оқу процесін автоматтандыру.

4.     Электронды журнал жүйесінің мүмкіндіктері.



5.     «E-learning» білім жүйесінің болашағы, тәжірибелер, проблемалары.


XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Электронды оқыту (ағылш. E-learning, Electronic Learning) —электрондық оқыту жүйесі, ақпараттық көмек, электронды технологиясы кезінде оқыту.ЮНЕСКО  мамандары  аныктамасы: «e-Learning —Интернет және  мультимедиа көмегімен оқыту».

Еліміздің даму жолындағы жаңа белесі «E-learning» электронды оқыту жүйесін Қазақстан Республикасы мектептеріне енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіру, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық сауатты оқушыны дайындау.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

-қойылған мақсатқа қол жеткізу- сыртқы ортаның ақпараттық кірігуін, білімді басқару тиімділігін, білім сапасын көтеру;

-қажетті нормативтік негізді жасау.

Электронды оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Дамыған елдерде кең тараған «E-learning» электронды оқыту жүйесін меңгере бастады. Оның құқықтық және методологиялық базасы қалыптасуда. 44 білім беру ұйымында «E-learning» пилоттық жобасы басталды.  2012 жылдан олардың санын 537-ге жеткізіп, жылдамдығы жоғары (секундына 4-тен 10 Мбитк) Интернетпен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.

Өзекті міндеттердің бірі – білім саласы дамыған елдердің (Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Канада, Австралия және т,б) тәжірибесіне сүйеніп «E-learning» жүйесін және оқу ресурстарының контентін Қазақстан жағдайына бейімдеп, дамыту.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда педагог мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлуде.  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында педагогтар құрамының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, «Базалық педагогикалық білімнің стандартын, оқытушылардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту қажет»,- деп атап өтті.  Сондықтан жаңа модельге педагогикалық мамандықтарға абитуриенттерді қосымша іріктеу, жоғары оқу орындарында мұғалімдерді даярлау стандарттарын қайта қарау, бітірушілерді сертификаттау, біліктілікті арттыру жүйесі сияқты элементтер енуі тиіс  – деді ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов  ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысындағы  сөйлеген сөзінде.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Білім және ғылым министрлігі электрондық оқытуды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Электрондық оқыту үдерісінің оқушыларды дайындау сапасына қатысты әлемдік тәжірибесі зерттеліп,  2011  жылдан бастап Қарағанды облысында, Алматы және Астана қалаларында 44 білім ошағында осы жоба қолға алынды. Ағымдағы жылы осы жүйеге 537 мектепті қосу, ал 2013 жылы - 900 мектепті қосу жоспарланған.

2015 жылға қарай білім ошақтарының тең жартысы, ал 2020 жылға дейін -90% жуығы "E-learning" жүйесіне қосылатын болады. "E-learning" жүйесі енгізілгеннен кейін, оқу процесін басқару ауысады. Сандық білім ресурстарын қолдану оқушылардың сабақ процесіне, бағдарламаны игеруге деген ықыластарын арттырып, соның арқасында білімнің сапасы да арта түспек.

Негізгі міндеттер:

 -Білімді басқару жүйесін автоматтандыру;

- Білім беру үрдісін технологияландыру;

 -Отандық цифрлық білім ресурстарының индустриясын құру үшін жағдай жасау.

 Жасалынған жұмыс түрлеріне тоқтала кетсек, курс өткізу үшін келесі нұсқаулар дайындалған:

-курстың оқу-тақырыптық жоспары;

-курс өткізу үшін таратпа материалдар.

Курс мазмұны нормативтік-құқықтық, мазмұндық және технологиялық модульдерден тұрады. Нормативтік-құқықтық модульде мынадай тақырыптар қарастырылған:

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары;

         -Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жолдауындағы басым бағыттар  2010-2015 жылдарға арналған электрондық оқыту жүйесінің тұжырымдамасы.

 Мазмұндық модульде:

 -Білім беруді модернизациялау факторы ретінде мектептің ақпараттық білім ортасын құру;

 -«Оқытуды басқару жүйесі (LMS)» ішкі жүйесінің қызметтеріне қойылатын талаптар;

 -Электрондық оқыту (e-learning) жүйесін енгізу бойынша эксперимент жүргізу әдістемесі;

 -Электрондық басқару міндеттерін жүзеге асырудың шарты – психологиялық-мониторингтік жүйе ;

 -Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялар - тұлғаның ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру негізі;

         Электрондық оқыту жүйесін қолданушылардың өзара байланыстарын қамтамасыз етуде «Менің сабақтарым», «Менің бағдарламам», «Сандық білім ресурстары» модульдерін енгізу технологиясы қолданылады.

Электрондық портфолио - пән мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру құралы болуы керек.

2012 жылы электронды оқыту жүйесінде жұмыс жасау үшін кадрларды даярлау бөлігінде жоғары, техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС-на, электронды оқыту жүйесін міндетті пайдалану бөлігінде орта білім берудің МЖМБС-на өзгерістер енгізілген.

Электронды оқыту жүйесінде қолданылатын, электронды оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді  жасауға арналған талаптар, жүйені қолданушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарының регламенті, техникалық регламенті (электронды оқытудың жүйесін  алып жүру және қолдану) әзірленеді және бекітіледі.

Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) – құзыреттілігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электронды оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау мен біліктілігін арттыру қажет.

         2011-2015 жылдар аралығында әрбір педагог білім берудің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану мәселелері бойынша біліктілікті арттырудың апталық курсынан (республикалық, сондай-ақ педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар жанында) өтеді.

         Электронды оқыту  жүйесін ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді қалалар мен облыстардың білім беру басқармаларының жанынан Білім берудегі жаңа технологиялардың өңірлік орталықтары жүзеге асыратын болады.

Электронды білім беруге арналған электронды ресурстармен және контенттермен қамтамасыз ету – «ҰАО» АҚ (Ұлттық ақпараттандыру орталығы).

2011 жылы Интернет жүйесіне білім беру ұйымдарының 44-і қосылып,2012 жылы — 1556, 2013 жылы — 1871, 2014 жылы — 1800, 2015 жылы — 1969-ы қосылатын болады. Бірінші кезекте, ресурстық орталықтардың пилоттық бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер.

Кең жолақты қолжетімділікке (КЖҚ-ға) қосылу, электронды білім беру жүйесі үшін жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткізушілердің қызмет көрсетулерін таңдау мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізілетін болады. Білім беру ұйымдарының 90%-ының қажетті оқу ресурстары бар веб-сайты болады.

Негізгі және бейінді орта мектепте оқытылатын әрбір пән бойынша бір пәнге сандық білім беру ресурстарының (СБР) 30 бірлігі әзірленетін болады.

Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын сандық білім беру контентімен (қандай да бір ақпараттық ресурспен – мәтін, кескіндеу, әуен, бейне, дыбыс және т.б. толықтыру (мысалы: интернет-сайт контенті) ашық қолжетімділікте толық қамтамасыз ету  (барлығы 25800 бірлік).

Оқытушылардың жасаған электронды білім беру ресурстары (медиатекаларды бір орталықтан құру және ресурстармен толтыру)дамытылады.

Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердің жаңа түрлері, КЖҚ-ға қол жеткізу және т.б.

Әкімшілік, оқу ісі жөніндегі меңгеруші, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленуде.

Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін алып жүреді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электронды дәптерді, сынып журналын, хабарландыру сервистерін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагог қызметін,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет