Жоспары: 1. Компьютерлік желілер
2. Интернет (Ғаламтор)
3. Веб (Web)-технологиялар
1. Компьютерлік желі – ресурстарға бірлесіп қол жеткізу және ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін өзара байланысқан компьютерлер тобы. Ол бір-бірімен біріккен желілері арқылы байланысқан нысандардың өзара әрекет жасайтын жиынтығы іспеттес.
«Желі» термині есептер мен әртүрлі ақпараттар алмасуды қамтамасыз ететін өзара байланысқан ең кем дегенде бірнеше компьютер мен есептеуіш машина ретінде түсіндіріледі.
Күрделі желілер – саны жағынан көп пайдаланушыларды, тармақталған құрылымды, барлығын бір құрылымға біріктіретін коммутациялар мен коммуникациялар торабы.
Функционалдық сипатына қарай былайша бөлінеді: ақпараттық, есептеуіш, ақпараттық-есептеуіш компьютерлік желілер.
Ақпараттық желі ақпарат жасау, өңдеу, сақтау және пайдалану өнімі ретінде көрінетін коммуникациялық желінің бір түрі болып табылады. Ақпараттық желілердегі басқару жүйелері сервер деп аталады.
Сервер – сұранысты өңдеуді орындайтын компьютер. Ол мәліметтерді сақтауға, оларға қол жеткізуді ұйымдастыруға және пайдаланушыға мәліметтерді беруге жауап береді.
Есептеуіш желі – бұл өзара байланысқан және тиісті қызмет атқаратын бағдарламалық және ақпараттық құрамдас бөлшектердің күрделі кешені. Оның негізгі элементтері мыналар:
Компьютерлер;
Коммуникациялық жабдықтар;
Операциялық жүйелер;
Желілік қосымшалар.
Олар өлшеулер, эксперименттер, оның ішінде автоматты және автоматтандырылған жүйелерде жүргізуге арналған компьютерлік коммуникациялық желілер болып табылады.
Ақпараттық-есептеуіш желілер ақпараттық ресурстарды бірігіп пайдалануға ақпараттық желілер мен мәліметтерді үйлестіріп өңдеуге арналған есептеуіш желілерді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |