Лекция Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер


Лекция 3. Оқушыларды оқытуда мультимедияны пайдаланудың әдістері



бет7/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19055
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
Лекция жинағы ҚО және АОТ-1

Лекция 3. Оқушыларды оқытуда мультимедияны пайдаланудың әдістері

  1. Оқушылардың мультимедия ерекшеліктерін оқып үйренуі

  2. Мультимедия құралдарын пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамыту үрдістері




Оқушылардың мультимедия ерекшеліктерін оқып үйренуі. Ғылыми және оқу әдістемелік жарияланымдарда оқу-танымдық іс әрекеттерді басқарудың дәлелді мысалдары неғұрлым жиі сипатталады (жаңа материалды мазмұндау кезеңінде назарды белсендіруге бағытталған жедел бақылау; меңгерілген білім; білік және дағдыларды қайталау және бекіту кезеңінде компьютермен интербелсенді өзара түзетумен қатар оқу материалын қайта құрылымдау және мөлшерлеу негізінде оның нәтижелеріне түзету енгізу).

Жалпы орта жүйе үшін мультимедия - ресурстарын құру және оларды практикалық қолданудың принципиалдық сұрағы оқушылардың маңызды қажеттіліктеріне негізделген позитивті мотивтер құруға арналған сәйкес әдістеменің мақсаттылығы болып табылады. Тек оқушылардың мультимедия-ресурстарын қолдануға деген мотивациялары жоғары болған жағдайда ғана осындай ресурстарды мақсатты қолдануға нәтижелі оқыту мүмкін болады. Мультимедия - ресурстарымен жұмыс істеу тәсілдерін оқыту сипаттамасын анықтау үшін оқушылардың мультимедия ақпаратпен жұмыс істеу барысындағы тәртіп мотивацияларының ерекшелігін қарастыру қажет.

Әдетте мотив ұғымымен іс-әрекетке деген құлшынысын адамның іс-әрекетінің қозғаушы күшін белгілейді. Мотив қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру тілегі.

Оқушыны оқуға ынталандыратын мотивацияның жеткілікті күрделі құрлымы салыстырмалы тұрақты және нақты жағдайға тәуелді емес мотивпен (ғылымның белгілі бір саласын зерттеу) түсіндіріледі. Мұндай мотивтер салыстырмалы тұрақты және олар белгілі бір сыртқы әсерден өзгеріске ұшыраулары да мүмкін. Осындай факторлар оқу үдерісі барысында мультимедия-ресурстарын жүзеге асыру және қолдануға тікелей қатысты. Себебі, ақпаратпен жұмыс істеу үшін оқушылардың техникалық құралдарды меңгеру деңгейі және мультимедия-ресурстарының білім берушілік потенциалын қолдану оларға болашақта өздерінің білімін жалғастыруға және айтулы кәсіп алып шығуға мүмкіндік бкркді.

Алғашқы кезде оқушылардың мультимедия-ресурстарымен атқаратын жұмысы негізінен ақпаратты-коммуникативтік сипатта болады. Бастапқы мотив жаңа, соншалықты мазмұнды және қолжетімді емес ақпаратқа деген қажеттілік болып табылады. Ережеге сай, мұндай мультимедия ақпарат қандай да бір сыни өңдеу мен ұғынуды талап етпейді. Кейіне негізгі мотив ретінде ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін құрбы-құрдастарымен жеңіл қарым-қатынасқа деген қажеттілік туындайды.

Заманауи компьютерлік құралдар көптеген оқушыларды өздерінің бояуының, мультимедиялық мүмкіндіктерінің бай болуымен, әр түрлі қалалар мен елдегі өздерінің сүйікті музыкалық топтары, әншілері, футбол командалары, үй жануарлары, басқа адамдардың өмірі туралы ақпаратты жедел іздеу мүмкіндіктерінің көп болуымен қызықтырады. Іздеу мүмкіндігі өте ауқымды.

Мұғалім міндетті қолдау көрсеткен жағдайда мультимедия-ресурстарды қолдану оқушылардың жаңа дүниелермен танысуға деген тілектерін дамытады.

Мультимедия-ресурстармен жұмыс істеудің жеткілікті көп табиғи аспектілері бар. Кез келген оқушы Интернет желісінде өзінің жеке мультимедиялық сайтының болуын қалайды. Сонымен қатар, оқушылар электрондық пошта мен чатты қызыға қолданады. Интернеттің мұндай қызметтері оқушылардың коммуникативті қарым-қаынастың ерекше тәсілдерімен қамтамасыз етеді, оларға жаңа достар табуға, өзін-өзі дамытуға, өзін жария етуге көмектеседі. Осындай мақсаттарға жету үшін мультимедия-технологияның элементтері қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет