Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы


Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы-Phytomastigina



бет4/7
Дата27.09.2022
өлшемі0,89 Mb.
#40500
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№1 Лекция Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы

Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы-Phytomastigina
Хризомонадалар отряды- Chrysomonadina
Бір-үш талшығы бар, ұсақ талшықтылар, тұщы суларда және теңіздерде тіршілік етеді. Хромотофоралары диск тәрізді сарғыш қоңыр түсті болып келеді. Ассимиляция нәтижесінде - полисахарид-лейкозин пайда болады. Бірнеше колониальды түрлері бар, соның ішінде тұщы суларда кездесетін бұтақ тәрізді колония Dinobryon және шартәрізді-Synura туыстары.
Сауыттылар отряды- Dinoflagellata
Өкілдерінің басым көпшілігінде клетчаткадан құралған сыртқы сауыты болады. Талшықтары екеу: біреуі еркін орналасқан, екіншісі денесін орап жатады. Хроматофоралары қоңыр-сары, кейде жасыл түсті болып келеді. Кейбір түрлері хлорофилл дәндерін жойып гетеротрофты жолымен қоректенуге көшкен (Noctiluca туысы). Ассимиляция нәтижесінде крахмал пайда болады. Тұщы суларда, теңіздерде, судың жоғарғы бетінде қалқып жүріп тіршілік етеді, сол себептен денесінде көп өсінділер жетілген. Негізгі туыстары: Peridinium, Ceratium, Noctiluca.

Сурет 4. Түншырақ Noctiluca, Калифорния жанындағы мұхит




Эвгленалар отряды- Euglenoidea
Эвгленалар жасыл түсті, бір талшықты, автотрофты және гетеротрофты жолымен қоректенетін талшықтылар. Бұлар көбінесе органикалық заттары мол таза, тұщы және ластанған таяз суларда, ылғалды топырақтарда тіршілік етеді.
Олардың негізгі өкілі жасыл эвглена- Euglena viridis.
Денесі ұршық тәрізді болып келеді, екі ұшы сүйірлеу. Денесінің алдыңғы жағында ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен эвглена бұранда тәрізді қозғалыс жасайды.
Сурет 5. Жасыл эвглена- Euglena viridis

Гетеротрофты тәсілімен қоректенген кезде талшықтың үздіксіз тез қозғалу нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т.б.) ауыз тесігіне жиналып жұтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері пайда болып, солардың ішінде ас қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады.


Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хроматофоралары болады. Осыған байланысты эвглена автотрофты жолымен қоректенеді, ал негізінде жасыл эвглена миксотрофты организмдер қатарына жатады. Үздіксіз қоректену арқасында цитоплазмада көптеген қор заты ретінде парамил түйіршіктері пайда болады. Денесінің алдыңғы жағында жарық сезгіш көзшесі - стигма орналасқан, қызыл пигмент - гематохромнан құралған. Зәр шығару және осмос қысымын реттеу жұмысын жиырылғыш вакуолі атқарады. Оны бірнеше қосымша ұсақ вакуольдері қоршап жатады. Қосымша вакуольдерінен жиналған сұйық зат және зәр жиырылғыш вакуольден резервуарға құйылады да, жұтқыншақ арқылы сыртқа шығарылады.
Ұзынынан бойлай бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Қолайсыз жағдайларда эвглена сыртына қалың қабық шығарып, соған қапталып цистаға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет