Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы


Кинетопластидалар отряды-Kinetoplastida



бет7/7
Дата27.09.2022
өлшемі0,89 Mb.
#40500
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№1 Лекция Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы

Кинетопластидалар отряды-Kinetoplastida
Бұл отрядтың ерекшклігі-талшықтың түбінде, яғни кинетосоманың жанында кинетопласт деп аталатын арнайы органоидтың болуында. Кинетопласт ұсақ денелік, митохондрияға ұқсас, іші ДНК-ға толы. Бір немесе
екі талшығы болады. Басым көпшілігі жануарларда және адамдарда паразиттік тіршілік етіп қауіпті ауруларды туғызады.
Трипаносома туысының өкілдері 20-70 мкм-ді сопақша, ұшы сүйірленіп келген талшықтылар.
Талшығы ұзын, артқы жағынан басталып денесінің алдыңғы жағына келіп бос бітеді. Талшық пен клетка мембранасының арасында толқын тәрізді жұқа жарғақ мембрана түзіледі, сол арқылы жылжиды. Трипаносомалар омыртқалы жануарлар мен адамның қан клеткалары мен ұлпаларында паразиттік тіршілік етеді. Trypanosoma rhodesiense адамда болатын «ұйқы ауруын» қоздырушы.
Бұл ауру Африкада көп тараған. Трипаносоманы ауру адамнан сау адамға тасушы це-це шыбыны.
Опалинина отряды-Opalinina
Өкілдерінің негізгі ерекшелігі-көп ядролы, денесі түгел кірпікшелермен қапталынған, осыған байланысты біраз уақыт бойы опалининаларды кірпікшелілер, яғни Protociliata класс тармағына жатқызған. Олардың кірпікшелі инфузориялардан басты айырмашылығы-ядролары бірдей болып келеді, жынысты жолымен көбею кезінде ұсақ бір ядролы гаметалар пайда болып, копуляция процесі жүреді. Қосмекенділердің артқы ішегінде паразиттік тіршілік етеді, сапрофитті жолымен қоректенеді. Басты өкілі- бақа опалинасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет