Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет39/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Ришта -  Dracunculus medinensis ақшыл түсті, жіп тәрізді, жіңішке құрт, аналығының ұзындығы 32-100 см, аталығы – 2 см.

Сурет Паразиттi нематодтар: А - ришта, аналыгы; Б - циклоптың iшiндегi риштаның личинкасы; В - Банкрофт нематодасының зардабынан пайда болған элефантиазис ауруы («піл ауруы»).

 

Риштаның дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері адамның терісінің астындағы дәнекер тканінде тіршілік етіп, денені іріңдетіп жарақаттайды. Іріңнің ішінде аналығы шумақталып, бүктетіліп жатады. Ауызы ашылған жарадан, іріңмен бірге личинкалар сыртқа шығып тұрады. Ары қарай дамуы үшін личинкалар суға түсіп, аралық иесі циклоптың денесіне түседі. Циклоптың ішек қабырғасын тесіп, дене қуысында микрофилярия деп аталатын келесі личинка сатысына айналады. Егер де, адам сумен бірге циклопты жұтса, онда микрофилярия адамның ішегін тесіп, қан тамырлары арқылы тері астының дәнекер тканіне еніп, сол жерде мекендеп ересек формасына айналады.



Ришта қоздыратын аурулары дракункулез деп аталады.

Бұл ауру Африка елдерінде, Үндістанда, Иранда, Қызыл теңізі және Ніл жағалауларында, сондай-ақ Орта Азияда таралған. Ауру адам іріңдеп жарақаттанған аяғын, қолын сумен жуу арқылы личинкаларды суға ағызып, олардың кең таралуына себепкер болады.

Адам, жануарлар және өсімдіктердің гельминтоздық ауруларының қоздырғыштарын жоюға бағытталған белсенді шаралары девастация деп атайды. Атақты гельминтолог К. И. Скрябин осы салада көптеген ғылыми еңбектерді жазған.


4 Лекция. Буылтық құрттар типі - Annelida
Аннелидтер (латынша «annulus» - сақина) немесе буылтық құрттар типі - жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты жануарлар. Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден  құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.

Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.

Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.



Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Личинкасы трохофора.

Буылтық құрттардың денесі дорза-вентральды бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін.

Буылтық қүрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі.

 Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер -Aclitellata және белдеулілер – Clitellata.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет