Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет70/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Аппендикуляриялар класы. 60-қа жуық түрі бар, жүзіп жүріп тіршілік ететін, дене мөлшері бірнеше мм-ден 1-2 см-ге жететін мөлдір қабықтылар.

Дене пішіні асцидиялардың дернәсілдерне ұқсас. Басқа қабықтылармен салыстырғанда ешқашан колония құрмайды. Денесі хордасы, нерв бағанасы, көлденең-жолақты бұлшықеті бар тұлға мен құйрықтан тұрады. Басқаларынан ерекшелігі – ересек кезінде де хорда сақталады. Желбезек маңы қуысы мен клоакасы юолмайды. Анусы құрсақ жағында орналасады. Барлық аппендикуляриялар өздерінің тері эпителийінің шырыштарынан үйшіктер түзейді. Ірі безді клеткалардан тұратын эпителий денесінің алдыңғы бөлімін мозаика тәрізді жауып тұрады. Үйшіктің алдыңғы жағы үшкірленген, қалың қабырғалы және мөлдір. Алғашында ол жануарға жабысып тұрады, кейіннен аппендикулярия үйшіктің ішінде оңай қозғала алатындай орналасады. Аппендикулярияларда нағыз туника қабығы болмайды, сондықтан үйшік туника қызметін атқарып, хитин тәрізді заттардан құралады. Үйшіктің ішінді болғанда аппендикулярия құйрығын қозғалту арқылы су ағысын тудырады.

Қоректенуі. Үйшіктің алдыңғы және артқы бөлімінде бірнеше саңылауы бар фильтрлі тор орналасады. Бұл тор арқылы өте ұсақ мөлшері 3-20 мкм планктонды қоректік заттар сүзіледі. Сүзгіш аппарат жиі-жиі бітеліп қалатындықтан аппендикуляриялар ескі үйшігін тастап жаңа үйшік жасайды (тәулігіне 6-8 ретке дейін). Жаңа үйшік салуға бір минуттан аз уақыт кетеді.

Көбеюі. Аппендикуляриялар гермафродиттер, тек жыныстық жолмен көбейеді. Денесінің артқы бөлімінде жұмыртқа безі орналасады, оны екі жағынан аталық жыныс бездері қысып тұрады. Сперматозоидтар аталық жыныс бездерінен денесінің артқы жағындағы саңылаулар арқылы сыртқа шығарылса, жұмыртқа клеткалары денесінің қабырғаларын жарып сыртқа шығады. Жұмыртқа клеткалары сыртқа шыққаннан кейін аппендикуляриялар өледі. Тек бір түрі ғана – Oikopleura dioika дара жынысты болып табылады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан нерв ганглиясы, хордасы жақсы дамыған, бірақ анусы мен аузы жоқ личинка шығады. Аппендикуляриялар өмір бойы личинка сатысында болып, личинка сатысында көбейе алады деген көзқарастар кең етек алуда. Бұлар барлық теңіздер мен мұхиттарда таралған. Көптеген балықтардың қорегі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет