Классификащшсы. Сүліктер класы екі класс тармағына бөлінеді: ежелгі немесе ертедегі сүліктер - Archihirudinea және нағыз сүліктер - Euhirudinea.
ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ARCHIHIRUDINEA
Денесінің алдьщғы сегменттерінде қылтандары бар. Целом метамерлі бөлшектерге бөлінген, қан айналу жүйесінін, қан тамырлары жақсы жетілген. Бұған бір отряд жатады - қылтанды сүліктер -Acanthobdellida.
Қылтанды сүліктер отряды - Acanthobdellida
Албырт (лосось) балыктарынын, сыртқы паразиттері, солтүстік өлке көлдерінде, Сібір және Камчаткада кездеседі. Бір ғана тұқымдасы (Acanthobdellidae) бар. Денесі 30 сегментті, үзьшдығы 30 мм, жуандығы 3 мм. Негізгі түрлері: Acanthobdella peledina және Acanthobdella livanovi.
Достарыңызбен бөлісу: |