Облыстық «#Bestвидео Туған өлке» байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «#Bestвидео Туған өлке»байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.
Байқау білімге құштар, шығармашыл шәкірттерді анықтау және дәріптеу, олардың іс-әрекетінің тиімділігін көтермелеуге бағытталған.
Ереже байқаудың мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оны өткізу тәртібі мен мерзімін, байқауға қатысу шартын және оның қорытындысын шығару мен марапаттау рәсімдерін анықтайды.
Байқаудың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Ұйымдастыру комитеті байқаудың бағалау өлшемдерін жасайды, байқауға ақпараттық сүйемелдеу жүргізеді, жеңімпаздарды марапаттауды ұйымдастырады.
Білім алушыларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, табиғатты қорғау қызметіне тарту, туған өлкенің тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу, ең үздік бейне түсірілімдерді әлеуметтік медиаға орналастыру.
БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
- Білім алушыларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту және оларға қолдау көрсету;
- Білім алушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, инновациялық технологияларды қолдану арқылы ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету;
- «#Bestвидео Туған өлке» байқауына қатысушылар арасынан ең үздік бейне түсірілім ұсынғандарды анықтау;
- Байқау қатысушыларының үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру;
- Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету.