Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет56/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Бауыраяқтылар класы - Gastropoda

Бауыраяқтылардың немесе ұлулардың 90000 – нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде, сондай-ақ тұщы сулар мен құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар.

Бауыряқтылардың дене тұрқы 2- 3 мм – ден бірнеше сантиметрге дейін барады. Ең ірісі Hemifusus proboscidiferus, оның ұзындығы бақалшағымен қоса 60 см. Сол сияқты теңіз қояны Aplysia - ның ұзындығы - 25 см, Африкада мекендейтін құрлық ұлулар қатарына жатады.

Бауыраяқтылардың денесі үш бөлімге бөлінген: бас, аяқ, тұлға. Басы тұлға бөлімнен айқын бөлініп тұрады. Тіл пішінді жақсы жетілген аяғында кең жорғалағыш табаны болады. Тұлғасы дененің жоғары жағына қарай қап тәрізді өсіндіні түзеді, бұны ішкі қапшық деп те атайды. Барлық бауыраяқтыларға тән ерекшелік, ол құрлысының асимметрия болуында болуы.

Бұлардың бақалшағы жақсы дамыған, кейбір кезде редукцияға ұшырауы да мүмкін.

Бауыраяқты моллюскалардың асимметриясы келесі белгілермен сипатталады: оң жақ мантия комплексінің мүшелері жойылып сол жағы мүшелерінің күшті дамуы; ішкі қапшықтың немесе тұлғаның спираль тәрізді оралуы, бұл ерекшеліктері бақалшақтың спираль тәрізді оралуына байланысты.



Құрлысы мен физиологиясы. Бауыраяқтылардың дене пішіні алуан түрлі, көпшілігінің денесі ұзынша және арқа жағы томпайып шығынқы кледі. Жақсы жетілген басының бауыр аузы, арқа жағында 1-2 жұп қармалауышы мен жұп көздері орналасқан. Екі жұп қармалауыштың бірінші жұпы сипап сезу қызметін атқарады, ал артқы қармалауыштың үстінде көзі орналасады. Басының алдыңғы бөлігі анда-санда ұзын тұмсықша ретінде созылып тұрады.

Аяғы бұлшықетті және жорғалаушы табаны бар, ол дененің бауыр бөлімінің өсіндісі. Сондықтан да бұл ұлуларды бауыраяқтылар деп атайды.


 

 



 

 

 



 

Жүзім ұлуы (Helix pomatia)      Шырыш (Arion ater)


Аяғының жиырылуының нәтижесінде жануар субстрат бетінде баяу қозғалып жүреді. Әр алуан тіршілік етуіне байланысты аяғы да алуан түрлі модификацияға ұшыраған. Ең күшті өзгеріске ұшыраған жүзіп тіршілік ететін Gastropoda класының кейбір өкілдерінің аяқтары. Мысалы қырлыаяқтылардың (Prosobranchia кл. тармағы) аяғы бүйірлерінен қабысып жіңішке вертикальді жүзгіш қанатқа айналған, кейде бүйір жиектерінде екі жағына естін табанының кішкене рудименті болады. Аяқтың артқы бөлігі ұзын құйрық тәрізді тұтқаға созылады. Ал, қанатаяқтылардың (Opisthobranchia кл. тармағы) аяғының бүйірлік бөлігі күшті өсіп кетеді де, қанат тәрізді қалқанша түзеді.

Тұлғасы немесе ішкі қапшығы, төменгі сатыдағы бауыраяқтыларда симметриялы және жалаңашжелбезектілердікі, сияқты аяқтан айқын бөлінбеген. Ал, Gastropoda класының көпшілік түрлерінде керісінше, тұлғасы аяғының үстінде спиральды оралған қапшық түрінде бөлінген. Тұлғаның төменгі жерінде жабын қатпары немесе мантия қатпары, ал оның астында мантия комплексінің мүшелері бар мантия қуысы түзіледі. Қатпар да, мантия қуысы да тұлғаның алдыңғы және оң жағында дамыған.



Ас қорыту жүйесі. Аузы басының алдыңғы ұшының төменгі жағында орналасқан, кейбір түрлерінде аузы ұзарып тұмсық түзеді. Ал, жыртқыш түрлерінде аузының алдыңғы ұшы одан бетер ұзарып, жиырылатын және қорегін ұстауда атыла алатын бұлшықетті тұмсықшаға айналған. Аузы, бұлшықетті жұтқыншаққа апаратын ауыз ауыз қуысына жалғасады. Жұтқыншақта жұқа кутикуламен жабылған әрі қатты тісшелері бар бұлшықетті тіл орналасқан. Сондай-ақ кутикуланың қалындауынан түзілген жағы (mandibulae) ауыз қуысында да бар. Олар мүйізді, ал кейбір кезде ізбесті де болады. Жақтарының саны мен орналасуы әр түрлі болып келеді. Жұтқыншаққа бір жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Кейбір алдыңғыжелбезектердің осындай бездерінің секреттерінде 4% күкірт қышқылы бар. Осы қышқыл арқылы жыртқыш ұлуы басқа моллюскалардың бақалшақтарын, тікентерілілердің сауытын ерітіп, ішіндегі мүшелерімен қоректенеді.

Жұтқыншағы ұзын өңешке жалғасқан, кейбір түрлерінде өңеш кеңейіп жемсау түзейді. Осы суреттелгендердің барлығы эктодермальді алдыңғы ішекке жатады (Сурет 2).

Сурет 2. Жүзім ұлуының ішкі құрылысы


Эктодермальді ортаңғы ішектің бас жағы қапшық тәрізді қарынға айналған, оған «бауыр» тармақтары ашылады. Бауыр ішектің өсіндісі болып саналады, ал ересек түрлерінде асимметриясына байланысты бір жартысы дамымаған сыңар мүше ретінде болады. Бауыраяқтылардың бауыры көптеген бөліктерден тұрады, олардың тармақтары бірге жалғасады да қарынға ашылады. Бауырдың секреттерінің қызметі алуан түрлі – көмірсуды ыдыратады, қоректік заттарды сіңіреді және өзіне май мен гликогенді жинайды.

Көбінесе, төменгі сатыдағы бауыраяқтылардың қарындағы қоректік заттары іріктеліп, бауырдың тармақтары арқылы бауыр бөліктеріне өтеді де, дәл осы жерде қоректік заттарды клеткалар қоршап, клетка ішілік ас қорыту яғни фагоцитоз процесі жүреді.

Кейбір бауыраяқтылардың қарынында хрустальді бағаналар бар, олар амилаза мен целлюлоза ферменттерімен байланысқан белоктардан тұрады. Бағаналардың ұшы қарындағы сілтілі ортада біртіндеп еріп, қоректі қорытатын ферменттер шығарады.

Жалаңашжелбезектілердің бауыр өзектерінің өзі бір ерекше құбылыс. Көпшілігінің бауырлары ішектің үстіне қарай бағытталған безді түтікшелердің жүйесін береді, олардың тармақтары арқаны жауып тұратын бұтақшаның немесе екінші реттік желбезектердің ішіне кіріп тұрады, тіпті сыртқы ортамен де қатыса алады. Бауырдың бұл түтікшелерінің эпителиясында оның сырқы ортамен қарым қатынасатын жерінде, арқа желбезектерінің ұшында көптеген атқыш капсулалары болады (мысалы, Aeolididae тұқымдасында). Атқыш капсулалары организімнің өзіне тән мүшесі деп саналған, бірақ қазіргі арнайы экспериметтер арқылы олар моллюска денесіне қорек арқылы түсетіні дәлелденді. Aeolididae тұқымдасының өкілдері гидроидты полиптерімен қоректенеді, полиптің атқыш капсулаларын моллюска қорытпайды, ал ол моллюсканың бауыр өсіндісіне түседі де полиптің денесіндегі қызметіндегіндей жұмысын жалғастырады.

Қарын ары қарай жұқа ортаңғы ішекке жалғасады, ол бір немесе екі ілмек жасайды да алға қарай бағытталып артқы ішекке қосылады. Артқы ішегі тұғаның алдыңғы ұшында немесе басының үстінде, сондай-ақ, дененің оң жағында орналасқан қылаулатқышпен аяқталады. Кейбір төменгі сатыдағы бауыраяқтылардың артқы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет