Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет58/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Жабыны. Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қаңқа түзетін хитинді кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподермальды эпителий қабаты және базальды мембрана жатады.Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде хититнді кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір, ал жоғарғыларының құрамында СаСО3 тұзының көптігінен ол қалың, қатты және мықты. Суда тіршілік ететіндіктен шаянтәрізділерде денеде ылғалды сақтап тұратын кутикуланың ең сыртқы қабаты –эпикутикуласы дамымаған. Осы ерекшелігі құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділерде де сақталған. Сондықтан олар ылғалы мол жерлерде ғана тіршілік етеді.

Кутикула қабаты сыртқы қаңқаның қызметін атқарады, жануарды сыртқы әсерлерден сақтайды және әр түрлі бұлшықет тіреулерінің негізгі нүктелері болып келеді.

Өзен шаянында басының желке және бүйір шеттері бас қалқаны немесе карапакс (сагарах) деп аталатын жалпақ өскіндерді береді. Ол дененің бүкіл кеуде бөлімін арқа және бүйір жағынан қаптап жатады. Маңдайы өткір әрі істік рострумға (rostrym) айналған. Ол мұртшаларды және сабақшалы, қозғалғыш күрделі екі көзінің түбін бүркейді. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің карапаксы ұзарыңқы, бүкіл денені сыйғыза алатын қосжақтаулы бақалшаққа айналған немесе барлық дене сегменттерімен қосылған.

Бұлшықеттері басқа буынаяқтылардағыдай көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Бұлар өзара қаңқаның әр түрлі нүктелерін байланыстырды. Олардың бір ұшы дененің бір сегментіне немесе аяқ буынына жалғасса, екіншісі – басқа сегменттің қабырғасына бекінеді. Қосжақтаулы бақалшағы бар шаяндарда (Ostracoda класс тармағы) бір жақтаудан екіншіге көлденеңінен өтетін ерекше тұйықтағыш бұлшықеті болады.



Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі тік немесе аздап иілген түтік түрінде болып, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерден тұрады. Аналь тесігі тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан.

Ішектің алдыңғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланың жалғасымен қапталған, яғни эктодермальды. Түлеу кезінде осы кутикулалар да жаңарып ауыз және аналь тесігі түтік түрінде шығады. Жоғарғы сатыдағы шаянтрізділердің (Decapoda – отряды) алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға арналған. Ол кардиальды немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған. Қарынның кардиальды бөлімінің арқа және бүйір қабырғаларындағы кутикуласы қалыңдап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш тақталарына айналған. Солар арқылы ас үгітіледі. Ал пилорикалық бөліміндегі жіңішке кутикулярлы өсінділер ұсақталға қоректік заттарды нығыздап және сүзіп келесі ортаңғы ішекке шығарады.

Ортаңғы ішегі түтік тәрізді, оның екі жақ бүйірінде төмпешіктері немесе өсінділері болады. Осы өсінділерден ас қорыту ферменттері бөлініп, сұйық ас ботқасы қорытылады. Бұларды бауыр қосалқысы деп те атайды. Олар түрлі дәрежеде тарамдалған немесе қапшық түрінде болады (Amphipoda). Өзен шаянының екі қалқанды бауыры әрбір жақтан ортаңғы ішекке ашылатын, бір өзекке құйылатын көптеген ұсақ түтікшелерінен құралған. Бауыр сөлі ортаңғы ішектен шайнағыш қарынға барады. Шаяндардың бауыр секреті органикалық заттарды: май, белок, көмірсуларды ыдыратады. Безді қызметінен басқа, шаяндардың бауыры фагацитозға да қабілетті, яғни бауыр клеткалары ұсақ қоректік заттарды қармап алып клетка ішіне қорытады. Бауыр қосалқысы мен ортаңғы ішектің арасындағы корреляцияны, яғни өзара байланысты, тіпті тәуелділікті байқауға болады. Неғұрлым бауыр қосалқысы нашар дамыса, соғұрлым ортаңғы ішек ұзынырақ болады және керісінше. Мысалы, өзен шаянының ортаңғы ішегі бүкіл ішектің 1/20 бөлігін ғана құрайды. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасады, ол түтік тәрізді, аналь тесігімен аяқталады. Кейбір паразиттік тіршілік ететін шаяндарда, мысалы, Scculina-ның ішегі толығымен жойылған.

Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді.



Зәр шығару және тыныс алу жүйелері. Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жұп безді мүшеден тұрады: антеннальды және максильярлы. Антеннальды бездер жоғарғы (Malacostraca класс тармағы) сатыдағы шаяндарда болады, ал қалғандарында - максиллярлы, тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды және максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа –қуыққа ашылады. Қуық қысқа өзегімен антенналарының түбінеде (антеннальды без) немесе II–ші максиллаларының ( максиллярлы без) түбінде ашылады.

Тыныс алу жүйесі Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз байланысты. Көптеген ұсақ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшесі жоқ. (Ostracoda Maxillopoda класс тармағы)-олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтарының протоподиттерінен басталатын тақталы немесе бұтақталған жұқа қабырғалы өсінділері –эпиподиттер. Негізіне олар (Amphipoda отряды) кеуде аяқтарында дамыған. Decapoda отряд өкілдерінің желбезектері алдымен кеуде аяқтарының протоподиттерінде дамып, соңында дененің бүйір қабырғасына ауысып, бас қалқаншасындағы бүйір шеттерінің астында, ерекше желбезек қуысында орналасады. Онда Decapodaның желбезектері ұзына бойы қатарласып орналасады. Бірінші қатардағы желбезектері аяқтардың протоподиттеріндегі алғашқы тәртібін сақтайды, екінші қатардағы – протоподиттердің денемен байланысқан жерінде, ал үшінші қатардағылары дененің қабырғасында орналасады.

Су желбезек қуысында бас қалқаны мен дене арасындағы саңылауы арқылы бір жағынан кірсе, екінші жағынан шығарылады және де осы бағыт өзгеруі мүмкін. Суды желбезек қуыстарына айдайтын, минутына 200 қозғалыс жасайтын, екінші максилланың ерекше өсіндісі. Басқа жоғарғы сатыдағы шаяндарда (мысалы, Isopoda отряды) желбезектері кеудесінде емес, құрсақ аяқтарында дамиды. Желбезектерінің кутикуласы өте нәзік болғандықтан, газ алмасу оңай өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет