Байланысты: Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org
ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІ- ғасырдың соңына дейінгі Византия. ІХ ғ. ортасынан ХІ ғ. соңына дейінгі кезең ортағасырлық византия тарихының келесі кезеңі. Оның негізгі мазмұны ортағасырлық монархия институтының біржолата қалыптасуы болды.
Империяның барлық территорияларында жерге деген меншіктің үш түрі үстемдік етті: жекеленген адамдардың толық жеке меншігі, село қауымдарының ұжымдық меншігі және мемлекеттік жер меншігі. Мемлекеттік меншік негізгі кіріс – табыс беретін шаруашылықтардан (басқарушы әулет жерлері, қайырымдылық мекемелерінің, үкіметтік ведомстволық жерлер т.б.) және әлі игерілмеген орасан зор жер қорынан тұрды. Батыс Европадағы ірі жер иеленуге қарағанда Византиядағы ірі жер иеленудің үш ерекшелігі болды. Біріншіден, олардың жер көлемі батыс европадағы әріптестерінің жер көлемінен әлдеқайда аз болды және иеліктер әртүрлі провинцияларда шашырап жатты (батыс европада біріңғай алқапты (массивт) құрайтын) . Екіншіден, империядағы ірі жер иеленудің иерархиялық құрылымы болмады, яғни вассалды - ленндік қатынастар Византияға тән болмады. Көзге түскен чиновниктермен әскер басыларына, әдетте император өз жерінен жерлер беріп отырды. Мұнда да ерекшеліктер болды, атап айтқанда император тек белгілі бір жерден, округтан алым – салық алу құқын силыққа – соломнияға берді. ХІ- ғасырдан бастап соломнияның айрықша түрі – прония пайда болды (қызмет еткені үшін силық) . ХІІ- ғасырдан бастап, шартты жер иелену тек император отбасының құқы болды. Батыстағы шартты жер иеленумен ұқсастығы салыстырмалы түрде ғана яғни, мұнда жер иеленудің иерархиясы бір сатымен ғана – “император - бенефицарий (прония)” - шектелді.
Үшіншіден, ірі жер иелігі ешуақытта мемлекеттік алым салықтардан босатылған жоқ, өте сирек жағдайда ғана босатылды және де өз иелігінде оның соттық иммунитеті болған емес (жоғарғы заңнамалық құқ мемлекеттің прерогативасы болды). Орталық билік барлық уақытта ірі жер иелігіне бақылау орнатып, оның шектен тыс өсуіне кедергі жасап отырды. Монастырлық жер иелену ғана империяда жеңілдіктерді пайдаланды.
ХІ ғасырдың 30- жылдарынан – 80 жылдарына дейін Византияда саяси дағдарыс толастамады. Бас аяғы үш жылдың ішінде 10 император еріксіз алмасып отырды. Империя барлық шекараларда қорғанысқа көшті. Шығыс шекараларда аса қауіпті жаңа жау түрік – селжуктар пайда болды. 1071 -жылы олар Манцикерт (Армения) түбінде Византия әскерлерін талқандады. Осы жылы Нормандар оңтүстік Италиядағы Византияның соңғы иелігі Апуллияны басып алды. Империяның жанталасқан жағдайында да билік үшін күрес жалғаса берді. 1081-жылы әскери – аристократия жеңіске жетіп, олардың өкілі – Алексей І Комнин (1081-1118) жаңа - Комниндер династиясының негізін қалады.