Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»



бет14/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

«Крест жорықтары»


Жоспар:
1. Крест жорықтарының алғышарттары мен сипаты, барысы.
2. Шығыстағы крестшілер мемлекеттері. Діни рыцорлық ордендер.
3. Төртінші және соңғы крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары.
Крест жорықтарының алғышарттары мен сипаты, барысы. Крест жорықтары дегеніміз Европа феодалдарының ХІ ғасырдың соңынан ХІІІ ғасырдың соңына дейін Таяу Шығыс елдеріне ұйымдастырған, ұзақ уақыт бойы жүрген әскери отаршылдық науқаны, жорықтары. Сырттай алып қарағанда бұл экспедициялар діни сипат алды. Католик шіркеуі бұл жорықтарды “крестінің - жарты айға” қарсы, яғни христиандықтың исламға қарсы күресі деп жариялады. Жорықтардың мақсаты палестинаны “дінсіздерден” азат ету, “құдайдың табытын” қайтару деп есептелді. Шын мәнісінде бұл Европа феодалдары тарапынан жүргізілген басқыншылық соғыстар болды. Европа барондары мен рыцарлары жорықтардың барысында шығыс қалаларын айуандықпен тонады, бүтіндей бір корольдықтар мен княздықтарды жаулап алды. Алайда, крест жорықтарына феодалдардан бөлек, европа қоғамының басқа да әлеуметтік топтары, атап айтқанда, шаруалар қатысты. Бұл жағдай крест жорықтарына бұқаралық, жалпы халықтық сипат берді. Замандастары үшін бүкіл Европа қозғалысқа келгендей, халықтардың жаңа қоныс аударуы басталғандай еді.

Крест жорықтарының себептері ХІ- ғасырдың соңына қарай Батыс Европа елдерінде байқалған экономикалық дамуда, әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуінде жатыр. Ұсақ рыцарлар үшін ХІ ғасырда жер көлемі азайды. Жергілікті шаруаларды қанаудан түсетін табыстар, жаңа жағдайларда феодалдарға жеткіліксіз болды. Сауда мен қалалардың дамуы нәтижесінде феодалдардың қажеттері арта түсті. Көптеген рыцарлардың жерлері болған жоқ, өйткені европалық феодалдық дәстүр бойынша жер – феод үлкен ұлға ғана мұралықпен қалдырылды, ал кіші ұлдардың мұралық үлес алу құқы болмады. Ондай рыцарлар үшін жағдайдан шығудың бірден –бір жолы Шығысқа жорық жасау, жаңа жерлерді жаулап алу арқылы байлыққа кеңелу болды. Ірі феодалдар үшінде – князьдар, барондар – наразы рыцарлардың көңіл күйін басқа жаққа бұру маңызды еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет