Жоспар: 1 Византия империясының құрылуы.
2 Юстиниан І тұсындағы Византия.
3 Византия ҮІІ ғ. екінші жартысы – ІХ ғ. бірінші жартысында.
4 ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІ- ғасырдың соңына дейінгі Византия.
5 ХІ-ХІІ -ғасырлардағы Византия.
Византия империясының құрылуы. Империяның батыс бөлігі тарихи сахнадан кеткенімен шығыс бөлігі Византия деген атпен өмір сүруін жалғастыра берді. Бірақ елдің ресми атауы - рим империясы болып қала берді. Латын тілі шығыс Рим империясының мемлекеттік тілі болды, алайда практикалық өмірде грек тілі үстем болды. Уақыттың өтуімен Рим империясы атауы – Византия атауымен ығыстырылды. Өйткені 330-жылы император Константиннің жарлығымен Византия қаласы - Константинополь болып өзгертілген еді. Қала шын мәнісінде қайтадан салынды. Кейбір ғалымдар осы жылды Византия империясының бастау алатын жылы деп есептейді. Бірақ көптеген тарихшылар мұнымен келіспей Византияның тарихын 395 -жылдан бастайды. Себебі, осы жылы император Феодосий І – қайтыс болғаннан кейін оның екі ұлы - империяны екіге бөліп басқарды. Империяның батыс бөлігі үлкен ұлы Аркадийге өтті.
Бұл кездегі Византияның территориясы мынандай иеліктерден тұрды: Балқан түбегі, Эгей теңізі аралдары, Кіші Азия түбегі, Сирия мен Палестина, Египет, Месопотамия мен Закавказьенің бір бөліктері және Қырым түбегінің оңтүстігі.Егер империяның шығыс бөлігі батыс бөлігіне қарағанда өміршең келсе, ол негізінен неғұрлым дамыған экономикалық қарым – қатынастардың болуымен түсіндіріледі. Египеттегі Александрия, Сириядағы Антиохия, Кіші Азия түбегіндегі Смирна мен Ефес, Балкан түбегіндегі Константинополь мен Фессалоники аса ірі сауда - өнеркәсіп орталықтары болды. Шығыс елдерімен қызу сауда – мәдени байланыстар ешуақытта үзілген емес. ІІІ – ғасырда пайда болған аса ірі жаңа парсы мемлекеті – Сасанидтік Иран, өз заманының ең дамыған өркениеттерінің бірі болып, Византияға оң ықпал етіп отырды.
Юстиниан І тұсындағы Византия.Құл иеленушілік “Рим империясы” ретінде Византия император Юстиниан (527-567) тұсында үлкен табыстарға қол жетті. Византия Батыстағы варварлық корольдықтардың,Солтүстіктен славян тайпаларының,Солтүстік – Шығыстан Сасаднистік Иранның шабуылдарына төтеп берді. Юстиниан ерте ортағасырлардағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, заң шығарушы, империяны “қалпына келтірушілердің” бірі болды. Юстиниан Феодосий әулетін алмастырған жаңа династияның өкілі еді. Оның немере ағасы император Юстин І, кейбір деректер бойынша әскери мансап жолында жолы болған иллирия шаруасы болған көрінеді. Юстин І өзінің немере інісіне тамаша білім беріп, мемлекет басқару істеріне ерте араластырды. Юстин І – қайтыс болғаннан кейін Юстиниан заңды мұрагер ретінде таққа отырды. Римнің саяси дәстүрлеріне берік Юстиниан Рим империясын бұрынғы шекарада қалпына келтіруді өзімнің миссиям деп есептеді. Мемлекеттік істерге араласып, көптеген жоғарғы лауазым иелерінің тағдырын шешіп отырды.
Юстинианның әлеуметтік саладағы саясатында кейбір қарама қайшылықтар тән болды. Бір жағынан сенаторлық– жер иелерін қудаласа, екінші жағынан жаңа ірі жер иелерінің қалыптасуына жәрдемдесті, шіркеулік жер иелену өсті. Шаруалардың жеке меншігі құқын қорғай отырып, ол оларға ауыр алым - салықтар салып отырды. Юстинианның тұсында Византияның ішкі тарихында аса ірі өзгерістер көп болды. Солардың қатарынан айрықша орын алатыны оның заң шығарушылық қызметі . Ең бірінші кезекте барлық рим императорларының заңдар жинағы шығарылды. Редакциясын белгілі заңгер Трибониан басқарып, нәтижесінде 528-534 жылдары аса ірі заңнамалық ескерткіш “Азаматтық құқ жинағы” дүниеге келді. Юстиниан заңдар жинағында жеке меншікті қорғауға және тауарлы шаруашылықтың дамуынан туындайтын әртүрлі сауда операцияларының, келісім шарттарының орындалуына айрықша мән берілді. Жинақтың екі ерекшелігі болды. Біріншіден, күшті орталықтанған билік идеясы және екіншіден, егжей – тегжейлі қорғалған жеке меншік идеясының ұштастырылуы. Юстинианның заңнамалық мұрасы Батыс Европада ХІІ -ғасырдан бастап зерттеле бастады, сөйтіп болашақ заңнамалық шығармашылыққа орасан зор әсер етті. Юстинианның заңнамалық қызметінің негізгі мақсаты кейінгі антикалық құл иеленушілік тәртіптерді сақтай отырып, империяны жаңғырту еді, бірақ оған ішкі қарама – қайшылық тән болды, атап айтқанда, ол римдік құл иеленушілік дәстүрлердің жанды өкілдері сенаторлары мен куриалдарды (шіркеу басшылары) қуғын сүргінге салды.
Юстиниан, Византия алғашқы варварлық шабуылдарға төтеп беріп (германдықтар, ғұндар, славяндар т.б), оған қарсы шабуылға шыққан дәуірде патшалық құрды. Варварлық корольдықтардың арасындағы алауыздықтарды пайдаланып Юстиниан рим империясын қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл жалпы алғанда қаншалықты нақты болып көрінгенімен жүзеге асуы мүмкін емес арман еді. Өйткені рим империясының ыдырағанына 60-70 жыл болған, ал варварлық корольдықтардың мейлінше мол тәжірибе жинақтаған дәуірі еді. Византияның әскери қолбасшылары Велизарий мен Нарсес 534- жылы солтүстік африкадағы Вандаль, 555 -жылы Остгот корольдығын және Испанияның оңтүстік жағалауын (Бетика), Сицилия аралын жаулап алды. Осылайша, Жер орта теңізі империяның “ішкі көліне” айналды.