Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


ХІ-ХҮ ғасырлардағы Англия



бет27/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

ХІ-ХҮ ғасырлардағы Англия. ХІ ғасырдағы ағылшын тарихының ең маңызды оқиғасы- елді “Вильгелм жаулаушы” бастаған француз – норман феодалдарының жаулап алуы болды. 1066- жылы 14 қазанда Гастингс түбінде болған шайқаста англосаксон әскерлері толығымен талқандалды, ал 25-желтоқсанда Вильгелм ағылшын королі Вильгелм І болып жарияланды. Жаулап алудың және басқа да қарсылықтарды басып шаншудың нәтижесінде англосаксон феодалдары жерлерінің көпшілігі тартылып алынды. Сөйтіп, жаңа француз – норман феодалдарына бөлініп берілді. Ағылшын шіркеуі епископатының жеке құрамы да алмастырылды. Бұрынғы англосаксон епископтарының орнын жаңа француз епископтары басты. Елдегі жер қорының 1/7 бөлігін Вильгелм өзіне қалдырды.
“Вильгелм І жаулаушы” бастаған норман феодалдары елде күшті король өкіметін қалыптастырды. Көпестер көп ұзамай король өкіметі күшеюінің пайдасында көре бастады. Елде сауда жанданды, қол өнері дамыды. Вильгельм І жаулаушының ұлдары король өкіметін нығайту саясатын жалғастырды. Әсіресе, Вильгель І –нің кіші ұлы Генрих І-нің (1100-1135) басқарған жылдары нәтижелі болды. Оның тұсында король соты күшейтілді, финанс, ведомоствасы қалыптасты. Генрих І – қайтыс болғаннан кейін ер ұрпағы қалмағандықтан, билік үшін феодалдық қырқысу соғыстары басталып кетті. Корольдік тақ Генрих І-нің немере інісі Стефан Блуаскийге (әкесі франциядағы Блуа графы) өтті. Алайда, корольдық таққа Генрих І – нің қызы Матильда да дәмелі болды. Матильда әуелі Герман императорына, содан соң Француз Анжуй графы Жофруа Плантегенетке күйеугу шыққан еді. Стефан мен Матильданың арасындағы күрес 20 жылға созылды. Қырқысу соғыстары, тек 1154 жылы тоқтатылып, король тағына Матильданың ұлы - Генрих ІІ Плантегенет отырды.
Генрих ІІ Плантегенет тұсында (1154-1189) Ағылшын корольдығының шекарасы орасан зор ұлғайды. Жоғарыда айтқандай, Аквитания королевасы Эленораға үйленгеннен кейін, бүкіл францияның жартысынан көп территориясы Ағылшын корольдығына өтті. Кейде ағылшын француз тарихшылары екі ел иеліктерінің қосылу деңгейіне қарай осы тұстағы екі корольдықты – “Анжуй империясы” деп атайды (Плантегеннеттер тегі шыққан герцогтық). Генрих ІІ король өкіметінің беделін өсірді, присяжный (алқа) сотын енгізді, сондай – ақ, әскерді күшейту үшін тұрақты әскер құруға ұмтылды. Рыцарлық әскерлер жылдың 40 күнімен шектелгендіктен король әскерде қызмет еткісі келмеген феодалдарды айрықша салық – төлем төлеген жағдайда, әскерден босатты. Бұл төлем “қалқан ақшалар(“ деп аталды. Түскен ақшаға король тұрақты әскер құрды. Бұл іс шараның үлкен әлеуметтік салдары болды. Әскерден босаған рыцарлар бейбіт шаруашылықпен айналысып, қалалықтармен жақындасты. Үшінші сословиені күшейтті. Генрих ІІ ағылшын шіркеуін толығымен өзіне бағындырғысы келді. Епископтар мен аббаттарды сайлауда өзінің қатысуын талап етті. Дін басылары король сотымен сотталуы тиіс болды.
Алайда, реформаны жүргізу барысында корль ағылшын шіркеуінің басшысы – Кентерберийскі архиепископы Фома Бекет тарапынан қатты қарсылыққа тап болды. Көп ұзамай Фома Бекет өлтірілді (1170). Корольге наразы барондар мұны оған қарсы күреске шығу үшін пайдаланды. Шаруалар арасындада Фома өте танымал еді. Рим папасы да корольдің тез арада кешірім сұрауын, істеген қылмысын мойындап жалбарынуын талап етті. Осылайша, король оқшау қалып, 1171- жылы өлген архиепископ қабірінің басында кешірім сұрауға мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет