Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Византия ҮІІ ғ. екінші жартысы – ІХ ғ. бірінші жартысында



бет11/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Византия ҮІІ ғ. екінші жартысы – ІХ ғ. бірінші жартысында. Византия тарихының келесі дәуірі үш кезеңнен тұрады:
1) ҮІІ ғ. ортасынан ІХ ғ. ортасына дейін
2) ІХ ғ. ортасынан ХІ ғ. соңына дейінгі және
3) ХІ ғ. соңынан ХІІ ғ. Византия
Бұған дейінгі үш ғасыр бойы Византияның әлеуметтік экономикалық құрылымы мен саяси жүйесінде ерте орта ғасырлық монархиялық белгілер тән болса, бұдан кейінгі кезеңдерде оның гүлденуі байқалды. Византия ерте орта ғасырлардағы ең өркениетті мемлекет болды. Оның көп қырлы мәдениетінің гүлденуі нақ осы ғасырларға сәйкес келді.
Византия мемлекеті мен қоғамы батыс европа корольдықтарынан күрт ерекшеленді. Византия мемлекеті- кейінгі рим мемлекеттік дәстүрлері мен шығыстық деспотия және феодалдық батыс европалық элементтерді ұштастырды.
Бірінші кезеңде аса ірі әлеуметтік- экономикалық өзгерістер, ең бірінші кезекте аграрлық салада жүрді. Ерте орта ғасырлық батыс европа сияқты Византияда да салыстырмалы түрде селолық өмір салты, қалалық өмір салтынан үстем болды. Ауылшаруашылығын ұйымдастыру мен жерге деген меншіктің негізгі формасы- шаруалардың еркін жер иеленуі болды. Бұл варварлық шабуылдар мен орталық биліктің әлсіреген жағдайында ғана мүмкін еді. Колонат мүлде жойылды. Ірі жер иеліктері мүлде сиреді. Олар негізінен фискальды мекемелердің, шіркеу мен монастырдың қарамағында болды. ҮІІІ- ІХ ғасырларда Византияда көршілік қауымның дәстүрлері өте күшті болып, салыстырмалы түрде деревняның шаруашылығын өте мығым етті.
Алайда, жаңа тұрпатты әскерді құрудың ірі әлеуметтік салдарлары болды. Уақыттың өтуімен стратигтермен турмархтар ірі феодалдарға айналып ,орталыққа бағынғысы келмеді. Стратиоттардың да әлеуметтік құрылымы біркелкі болмады (ауқатты, орташа, кедей шаруалар). Сонымен, ҮІІІ -ғасырда Византияда ірі және ұсақ , орташа жер иелерінің саны күрт өсті. Күшейіп алған жаңа феодалдар бір – бірімен қырқысу соғыстарын жүргізіп отырды. Сондықтан ҮІІІ- ғасырдың басында билікке келген Анатолик фемінің стратигі Лев ІІІ Исавр (717-741) ірі жер иелерінің жерлерін ұсақтап, шақтап бытыратты. Империя үшін сыртқы жаулардың ішіндегі қауіптілері – протоболгарлар, славяндар мен арабтар болды. Әсіресе, арабтар империяға ІХ -ғасырдың ортасына дейін нақты қауіп төндірумен болды. 670-жылы арабтар Константинопольді құрлықтанда, теңізден де бірнеше рет қоршауға алды. Византиялықтар осы шайқастарда тұңғыш рет жаңа қару “грек отын” қолданып жеңіске жетті. “Грек оты” - мұнай, селитра мен күкірт қоспасынан алынған ядро ,арнайы зеңбірек құбырымен үлкен күшпен жау кемесіне лақтырылып оны біржолата жойып отырды. “Грек отын” ойлап табудың құпиясы бірнеше ғасыр бойы құпия ұсталынып, гректер үшін үлкен үміт болды. Лев ІІІ: 718--жылы,740-жылдардағы шайқастарда арабтарды жеңіп, оларды Ефрат пен Арменияға дейін ығыстырып тастады. Алайда, ғасырдың соңында арабтар қайтадан шабуылды күшейтті, ал 823-826- жылдары олар империядан Крит аралын тартып алып, оны 130 жылға дейін өз уысында ұстады. Тек ІХ- ғасырдың ортасында ғана Араб хали-фатымен шекаралық қарым – қатынастар реттелінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет