Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»



бет19/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

ІХ-ХІ ғғ. Италия. Инвеститура үшін күрестің нәтижелері. Лангобард корольдығы ҮІІІ ғасырдың 70- жылдарына дейін, яғни Ұлы Карл жаулап алғанға дейін өмір сүрді. Лонгобордтардың тұсында бүкіл корольдік герцогтықтарға бөлінді. Италияны біріктіру міндетін атқара алмады. 774 жылы Лангоборд иеліктері Ұлы Карл империясының құрамына кірді. Апеннин түбегінің ортасында 756 -жылы Папа мемлекеті немесе Папа облысы пайда болды. Ұлы Карл Италиядағы территориялық - әкімшілік бөліністерді өзгертті, бұрынғы герцогтардың орнына 20 графтық құрылды. 843 жылғы Верден бөлінісі бойынша Италия тәуелсіз корольдік статусын алғанымен, елдің бытыраңқылығы сақталынып қалды.
ІХ ғасырдың соңынан бастап Италияның корольі титулына Франк шонжарлары үнемі таласып отырды. Орталық биліктің әлсіздігінен Х ғ. бірінші жартысында ел венгр шапқыншылығына ұшырады. ІХ ғ. соңынан Оңтүстік Италия Сарациндердің (араб) қол астында қалды. Х ғасырдың ортасынан Солтүстік және Орталық Италия герман корольдері тарапынан ғасырлар бойы агрессия объектісіне айналды. Жергілікті халықтың қарсылығы герман императорларының агрессияшыл саясатының нәтижелерін, билігін мейлінше төмендетіп отырды. Олардан көрі итальян графтары, маркграфтары, дін басыларының – епископ, архиепископ, аббаттықтар – билігі зор болды. Император әскерімен Италияда болған жағдайда ғана оның билігі нақты сипатт алды. ХІ-ХІІ ғғ. да герман императорларының итальян саясаты жалғасын таба берді. Бұл дәуір екі елдің тарихындағы ең мән–мағынасыз соғыстар кезеңі болды. Болашақта екі елдің ұзақ уақыт бытыраңқылықты жағдайда болуының тарихи алғышарттары нақ осы итальян соғыстары жылдары қаланды.
3. Ерте ортағасырларда Италияның дамуы әр аудандарда әр түрлі жүріп отырды. Қала коммуналары біртіндеп қала мемлекеттеріне айналды. Италияның дамуында қалалардың рөлі зор болды. Атап айтар болсақ, Генуя, Венеция т.б ХІ-ХІІІғғ Папаның ролі өте мол еді. Ол жалпы Италиядағы істерге толық құқылы болды. Ішкі сыртқы саясатта папа көп істерге араласа алатын еді. Діни наным сенімдердің қаталдығы мен феодалдардың озбырлығына қарсы әр түрлі қозғалыстар болып отырған. Олар: Дольчино көтерілісі және Тукиндер қозғалысы болып табылады. Италияда бұрынғы тек аграрлық сипаттағы өнеркәсіп енді іріленіп мануфактуралық сипат ала бастады.


Әдебиеттер:
Леонтьевский А.В. “Искуство возможного” в политике Карла ІҮ Люксембурга. Волгоград 1995.
Колесницкий Н.Ф. “Священная римская империя”: притязания и действительность. М., 1977.
Рогачевский А.Л. Правосознание немецкого бюргерства ХІІІ – ХҮІІ вв. СП б., 1995.
Итальянские коммуны ХІҮ – ХҮ вв. Сб. Документов Подред. В.И. Рутенбурга. М., Л., 1965.
Карпов С.П. Итальянские морские республики и Южное Причерноморье в ХІІІ – ХҮ вв: проблема торговли. М., 1990.
Рутенбург В.И. Итальянский город от раннего средневековья до Возрождения. Л., 1987.
Его же. Народные движения в городах Италии. ХІҮ – начало ХҮ века. М., 1958.
Его же. Очерк из истории раннего капитализма в Италии. Л., 1951.

7. ЛЕКЦИЯ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет